Балалар байқауы басталды

Жаңалықтар
23.05.2023, 10:59
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ҚТЖ-да компания қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында «ҚТЖ kids» және «Мен болашақ теміржолшымын» байқаулары өтіп жатыр.  

«ҚТЖ kids» байқауының ерекшелігі – оған қатысушылар өздері түсірген бейнероликтерін жіберіп, сол бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылар болашақта режиссер, оператор болуды армандайтын теміржолшылар балаларын осы байқауға қатысуға шақырады. Олар өздерінің идеяларын шағын роликтер арқылы жеткізетін болады.  

– «ҚТЖ kids» байқауына қатысу үшін теміржол тақырыбында шағын бейнесюжет түсіру керек. Сөйтіп оны #ҚТЖkids хештегі бойынша әлеуметтік желілерге жариялау қажет, жариялау барысында инстаграмда railways.kz, youngrailwayskz, тик-токта railways.kz аккаунттарын белгілеп өту міндетті. Қай бейнеролик көбірек лайк пен қаралым жинаса, соның жеңімпаз болуға мүмкіндігі зор, – дейді компанияның әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Дархан Нұрғали. 

Бейнероликті жариялағаннан кейін https://forms.office.com/r/N8LNYGZH3i сілтемесіне өту арқылы анкета толтырылады. Байқау биыл 27 мамырға дейін жалғасады.  

Ал «Мен болашақ теміржолшымын» байқауында балалар теміржолға қатысты дүниелер, құрал-жабдықтармен бірге суретке түсіп, соны жолдау арқылы онлайн фотобайқауға қатысады. Фотосуреттерді балалар әлеуметтік саясат департаментіне 19 мамырға дейін жолдауы керек. Бұл шаралардан бөлек Астанада тұратын теміржолшылардың балалары үшін 20 мамырда ҚТЖ бас ғимаратының 37-қабатындағы қысқы бақта фотосессия ұйымдастырылады.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті