Президент Челябі – Болашақ – Иран бағытында жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды

Жаңалықтар
26.05.2023, 15:16

Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев интеграциялық дамудың маңызды бағыты жаңа халықаралық көлік тораптарын құру екенін айта келе Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, экономикалық одақ түптеп келгенде, Еуропа мен Азия, жаһандық оңтүстік пен солтүстік арасындағы байланыстырушы буынға айнала алады.  

«Біз Ресей Федерациясының ҚХР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында дәліздер қалыптастыру ниетін құптаймыз. Транскаспий бағытымен ұштастыра отырып, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамыту қажеттігі туралы ой пісіп-жетілді деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Осыған байланысты Қ.Тоқаев Қазақстанның барлық мүмкіндіктері мен ресурстарын жұмылдырып, ЕАЭО-ның сенімді логистикалық хабы болатынын жеткізді.

«Тақырыптық бастама ретінде Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынамыз. Бұл үшін Челябинскіде жүк жинақтайтын орталық ашып, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінің қазіргі инфрақұрылымын пайдалануға болады. Біз өзіміздің Бейнеу – Маңғыстау темір жол желісіндегі және Бейнеу – Шалқар автокөлік жолындағы талапқа сай келмейтін учаскелерді қайта салуға әзірміз. Тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін күш жұмылдыру маңызды. Сол себепті Қазақстан мұны сөзсіз іске асырады. Бақты – Аягөз темір жол құрылысын өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нақты мысалы деуге болады. Оның іске қосылуы Қазақстанның да, Ресейдің де Қытай бағытына жөнелтетін жүк көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Иран мен Түрікменстанның теңіз және құрғақ порттарында инфрақұрылым салуға бірлескен инвестициялар қарастыруға болатынын айтты. Бұл мүше мемлекеттердің экспорт географиясын едәуір кеңейтеді және логистикалық мүмкіндіктерін нығайтады.

«Физикалық инфрақұрылымды дамытумен қатар тауарлар транзитінің жалпы цифрлық жүйесін құру шешімдерін әзірлеу өте маңызды. Ол сенімді, бірақ қолдануға оңай және озық цифрлық технологияларға негізделуі керек. Электронды пломбаларды, жедел ақпарат алмасудың кепілдік жүйесін пайдалану, «Е-терезе» жүйесін дамыту мәселелерін шешу қажет. Бұл шаралар тауар ағынын жылдамдататын және жеткізу тізбегін оңтайландыратын ортақ цифрлық мультимодальды дәліз құруға мүмкіндік береді», - деді Президент.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда