Туған елге саяхат

Жаңалықтар
30.05.2023, 11:04
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Туған елге саяхат» балалар патриоттық-танымдық пойызының жаңа маусымының басталуына орай 10-15 жас аралығындағы балалардан «Өз өңірімді өркендеткім келеді» тақырыбында шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Бір қатысушы бір туынды ғана жібере алады. Үздік жұмыстарды арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржылай қолдаған жоба барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар жазғы демалыс уақытында еліміздің көрікті жерлеріне саяхатқа аттанып, бес қаланың туристік аймақтарын аралау мүмкіндігіне ие болады. Бұл үшін «Өз өңірімді өркендеткім келеді» тақырыбында шығарма жазып, оны poezd2023@list.ru электрондық поштасына 10 маусымға дейін жолдау қажет. Толық ақпаратты sk-trust.kz сайтынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе 8 71 72 604599, 8 775 142 66 82 нөмірлерінен білуге болады.

«Туған елге саяхат» жобасы – 2019 жылға дейін шығарылған туристік пойыз. Ол коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған еді. Бұл жоба арқылы Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен келген балалар каникул кезеңінде ұйымдастырушылар айқындаған маршруттар бойынша еліміздің көрікті жерлерін аралай отырып, ел бойынша 9 күндік сапарға аттанады. Жобаға қатысушылар арасында еліміздің шалғай елді мекендерінен келген, үлгерімі жақсы көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіптегі қызметкерлерінің балалары болады. Балалардың тағы бір бөлігі шығармашылық байқаудың нәтижелері бойынша таңдалады. Жол бойында тәлімгерлер мен аниматорлар балаларға ойын-сауық, конкурстар, ағылшын тілі сабақтары, ойындар ұйымдастырады.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды