Жолаушылар пойызында жайлы орынды қалай таңдаймыз?

Жаңалықтар
31.05.2023, 10:46

Алыс аймақтарға жету үшін қолайлы көлік түрі – пойыз.  Ал пойызда ыңғайлы, жайлы орынды қалай таңдауға болады? Бұл туралы Elorda.info тілшісі анықтап көрді.

Пойыздар негізінен жедел және жолаушы пойыздары болып бөлінеді. Жылдам пойыздардың аялдамалары жолаушылар пойызына қарағанда аз әрі тоқтау уақыты қысқа. Бұндай пойыздардың билет бағасы да жылдамдығы үшін біраз қымбаттау болады. Бірақ екеуінің жайлылық деңгейі бірдей.

Ал енді вагондардың ең танымал түрлерін қарастырайық – плацкарт және купе.  

Плацкарт – билет бағасының төмендігіне байланысты ең танымал вагон түрі. Плацкартта екі жоғарғы, екі төменгі және екі бүйір  орындар бар. Бөлмелер арасында есіктер жоқ, барлығы ортақ дәліз арқылы біріктірілген. Бұндай вагондарда дәлізге апаратын есіктің тарсылдауы мен жағымсыз иістер, онымен қоса жолаушылардың үздіксіз жүрісі мазаңы алуы мүмкін.  

Плацкартта әдетте 52 немесе 54 орын болады. Төменгі орындардың барлығы тақ, ал үстіңгі орындардың барлығы жұп сандармен белгіленген. 37-ден 54-ке дейінгі орындар бүйірлік (шеткі)  орындар.  Ал 33 пен 38-ші аралықтағы орындар дәретханаға жақын орналасқан және ең ыңғайсыз болып есептеледі.  

Купе – әрқайсысы 4 орыннан тұратын жабық бөлмелерге бөлінген. Вагонда 32-ден 40-қа дейінгі орындар болады.  

Купені таңдаған жолаушылар ең бірінші және соңғы бөлімдерді шулы, адам көп жүретін болғандықтан көп ұната бермейді. Сондықтан 1-4, 37-40 аралығындағы орындар соңғы болып сатылады.  Ең тыныш 4 пен 5-ші купелер болып саналадыү

Плацкарттағыдай бұнда да төменгілер тақ, үстіңгілер жұп санмен белгіленеді. Төменгі орындардың билеттері жоғарғыларына қарағанда  қымбатырақ, бірақ сәбилері бар аналар мен қарт адамдар үшін әлдеқайда ыңғайлы.

Плацкарт пен купеде 3-ші, 6-шы бөлімдердегі орындарға билет алу ыңғайсыз. Бұл жерлерде авариялық шығулар орналасқандықтан терезелері ашылмайды. Әрине, төтенше жағдайлар орын алса, пойыздан бірінші шығуға мүмкіндік болады. Бірақ жазғы күндері жабық терезелі орындардың ыңғайлы болуы екіталай. Орындар саны мынадай: 9-12,21-24,43-44,49-50.

Қысқы күндері әр станцияда есіктер ашылғанда тоңып қалмас үшін орынды вагонның ортаңғы жағынан алған дұрыс.Жүгіңізді алысқа тасып жүргіңіз келмесе, жолсерікке жақын орындарды таңдаңыз.  

Пойызбен жүру әсіресе бойы ұзын адамдар үшін ыңғайсыз. Себебі төменгі орындардың стандартты ұзындығы – 176 см, ал жоғарғы сөренің ұзындығы – 167 см. Ал  1,2,35,36 орындардың ұзындықтары тіптен 15 см-ге қысқа.

Пойызға билетті онлайн рәсімдеген тиімдірек. Себебі сайттарда вагонның типі, орындардың орналасуы (үстіңгі, астыңғы орындар), дәретхананың орны нақты көрсетілген.

Тағы бір маңызды  дүние - телефон қуаттайтын орындар. Әр вагонда олар әртүрлі орналасқан: кей вагондарда дәліздерде, дәретханаларда, енді біреулерінде жолсеріктің бөлмесінде ғана орналасқан. Олардың қолжетімділігі мен орналасуы жайлы қызметкерлерден нақтылап алған дұрыс.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды