Кадр тұрақтылығы байқалады

Жаңалықтар
02.06.2023, 11:34
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыру, теміржолшыларды әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік пакет ауқымы жыл сайын өсіп отырғаны талас тудырмаса керек.

Соңғы үш жыл ішінде Компания қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту және әл-ауқатын жақсарту бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Айталық, 2021 жылы қызметкерлердің жалақысы 20%-ға көтерілсе, 2022 жылы қызметкерлердің жалақысы дифференциалды түрде 25-41%-ға өсті.  

Жалпы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылады, сол себепті оның кірісі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен реттелетін тарифтер есебінен түзіледі. Және де «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес монополист үшін тарифтер 5 жыл мерзімге бір рет бекітіледі. Мәселен, 2023 жылға арналған тарифте жұмысшылардың жалақысын 4 пайызға көтеру көзделген. Алайда, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Компания қызметкерлердің жалақысын 5 пайызға көтерді. Ал ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап компания өндірістік қызметкерлердің жалақысын қосымша 15%-ға көтерді. Осылайша, қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде компания қызметкерлерінің кірісі 2023 жылы орта есеппен 20%-ға өсті.  

Сонымен қатар, медициналық сақтандыру, шағын және шалғай станция қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, жәрдемақылар мен материалдық көмектерді төлеу сияқты әлеуметтік қорғау шараларының нәтижесінде теміржолда кадрлар тұрақтылығы байқалып, теміржолшылардың еңбек жағдайларына қанағаттану деңгейі өскен.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты