Бірыңғай стандарт талабы сөз болды (Фото)

Жаңалықтар
02.06.2023, 11:45
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана белгі беру және байланыс дистанциясында жұмыс орындарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту, ғимараттар мен құрылымдарды бірыңғай стандартқа келтіру туралы семинар өтті.

Семинарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаменті директорының орынбасары Аманжол Амринов пен Ақмола магистральдық желілер бөлімшесінің бас инженері Анатолий Абдрахманов және дистанция басшылары мен қызметкерлері қатысты. 

 

ШЧ-16 мекемесінің директоры Артур Сәрсенғалиев семинар тақырыбына сай дистанцияда атқарылған жұмыстарға тоқталды. 92 жылдық тарихы бар дистанцияның балансында 54 ғимарат бар екен. Электрлік орталықтандыру құрылғыларымен 12 станция қамтылған, атап айтқанда мұндай құрылғылар Астана, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол, Қырқыншы, Сарыоба, Еркіншілік, Едіге, Өндіріс, Жайнақ, Қосшекі, Тастақ, Қараадыр станциялары мен Техникалық паркте бар. Жалпы барлығы 567 бұрманың жұмысына жауапты. Сонымен қатар 811 бағдаршам, 20 өткел, 565,003 км белгі беру кабельдерінің жұмысын қадағалайды.  

– Бұған дейін Астана станциясы торабы бойынша санитарлық-тұрмыстық бағыттағы нысандарында қауіпсіз және талапқа сай жағдай жасау бойынша 12 әкімшілік және өндірістік нысан анықталған еді. Мекеменің барлық ЭО қосындарында ас ішу бөлмелері бар, солардың бәрінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Гараж ғимаратындағы киім ауыстыру және душ қабылдау бөлмелері де косметикалық жөндеуден өтті. Цехтар мен әкімшілік ғимаратта тиісті жұмыстар жүргізіліп, керек жиһаздар мен тұрмыстық техникалар алынды, Барлық ғимаратты бірыңғай стандарт талабына сәйкестендіру жүріп жатыр, – деді дистанция басшысы.  

Былтыр үшінші тоқсанда жұмысшылардың өз күшімен әкімшілік, гараж және т.б ғимараттардың сыртын эстетикалық түрге келтіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылыпты. Барлық жұмыстар үш кезеңге бөлінген. Бірінші – материал қажет етілмейтін жұмыстар, екінші – материалдары жеткілікті жұмыстар және үшінші материалдар сатып алуды қажет ететін жұмыстар. Дистанция басшысы осы кезеңдер бойынша атқарылған жұмыстарды толық баяндап шықты.  

– Әр жұмыс кезеңі бойынша міндет етіп қойылған тапсырмалар түгел орындалды. Атап айтқанда, қақпаларды сырлау, бокстарды нөмірлеу, дистанция атауы жазылған маңдайша жазуларды жаңарту, мекемелер алдындағы аулада қурап қалған бұталарды кесу, істен шыққан техникаларды өткізу сияқты ұсақ-түйек жұмыстарға дейін мән берілді. Жалпы дистанция аумағынан 15 көлік қоқыс шығарылды, – деді дистанция директоры.  

Семинар соңында қатысушылар дистанцияның іші мен сыртын аралап, атқарылған жұмыстармен танысып шықты.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті