Alstom компаниясы Астанада теміржол арбаларын өндіретін және жөндейтін алғашқы орталықты ашты

Жаңалықтар
31.08.2023, 10:27
Сурет: Alstom.com

Alstom компаниясы Қазақстандағы теміржол көлігінің барлық түрлеріне арналған арбаларды өндіру мен оларға қызмет көрсетуге маманданған алғашқы орталықты ашты,  деп хабарлайды Rail-news.kz.

Alstom компаниясы, зияткерлік және орнықты мобильділік саласындағы әлемдік көшбасшы, Астанада бүкіл өмірлік цикл бойына теміржол көлігінің барлық түрлеріне арналған арбаларды өндіру мен оларға қызмет көрсетуге маманданған арбаларды өндіру және жөндеу орталығын алғашқы болып ашты. Жаңа орталықтың алаңы 8000 шаршы метр. Alstom-ның Қазақстандағы даму жоспары аясында, компания арбаларды өндіру және жөндеу жөніндегі орталықты құруға 15 млн еуродан астам инвестиция салып, 100-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етті.

Alstom компаниясының басым міндеттері-құрамдас бөліктердің қызмет ету мерзімін ұзарту, тиімді техникалық қызмет көрсету жоспарлары және максималды пайдалану дайындығын қамтамасыз ету үшін жетілдірілген күйге негізделген техникалық қызмет көрсету функциялары сияқты шаралар арқылы операторлар үшін меншіктің жиынтық құнын оңтайландыру.  Alstom өндірген арбалар жоғары беріктілігімен ерекшеленеді және әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларда жұмыс істеуге арналған, сондай-ақ, қайта өңдеуге 98% жарамды. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығы жабдық өндірушілерінің білімі мен технологиясын инновациялық әзірлемелермен біріктіреді.

«Арбаларды өндіру және жөндеу орталығымыз 25 жыл бойы Alstom жүк және жолаушылар электровоздарына толық техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарып келеді», - дейді Батыс және Орталық Азиядағы басқарушы директор Қанат Алпысбаев.

Alstom өмірлік циклді басқару және техникалық шешімдер арқылы арбалар мен олардың құрамдастарының мінсіз жай-күйін жөндеу және күрделі жөндеу арқылы қалпына келтіре отырып, әртүрлі қызметтерді ұсынады. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығы дөңгелек жұптары мен тербеліс бәсеңдеткіштерін жөндеуді, 3D-өлшемдерін, бұзбайтын бақылауды, дөңгелек жұптары мен қозғалтқыштардың сынақтарын, сондай-ақ цифрлық өндірістік процес негізінде жүзеге асырылатын осыған байланысты басқа да жұмыстарды қамтитын арбалардың тораптарын жөндеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орталық Alstom компаниясы өндірмеген теміржол көлік құралдарының құрамдастарына қызмет көрсете алады.

«Бұл озық өндірістік объект Қазақстанда Alstom компаниясының индустрияландыруын дамытудың нәтижесі болды. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығымыз 25 жыл бойы Alstom жүк және жолаушылар электровоздарына толық техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарып келеді. Инновациялық жабдықтар мен қызметтердің толық спектріне ие бола отырып, біз Қазақстанда мобильділікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктес ретінде қолдау көрсетуге қуаныштымыз», – деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

Alstom компаниясы Батыс және Орталық Азияда 1000-нан астам қызметкер штаты, Қазақстанда, Әзербайжан мен Өзбекстанда үш өкілдігі, бес қоймасы, сервистік орталығы және екі зауыты: Астана қаласындағы электровоздарды өндіру мен оларға қызмет көрсету және тартым трансформаторларын шығару жөніндегі ЭҚЗ мен Алматы қаласындағы бағыттамалық бұрмаларды өндіру жөніндегі КЭП бар.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты