Үздік жобалар іріктелді

Жаңалықтар
29.09.2023, 09:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да өткен Корпоративтік волонтерлер мектебі форумында еріктілер осы салаға қатысты маңызды жобалар ұсынды. Олар алдымен волонтерліктің 4 бағыты: әлеуметтік, экологиялық, корпоративтік және инклюзивтік бағыт бойынша командаларға бөлінді. Солардың ішінен ең үздік жобалар іріктеліп алынып, оны ұсынғандар жеңімпаз атанды. Алдағы уақытта бұл жобалар өндіріске енгізіліп, жүзеге асырылады.

Жобалар арасынан инклюзивтік еріктілік бойынша бірінші орынды Алматы ЖТ бөлімшесінен келген волонтерлердің мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың ата-аналарына жазғы демалысты ұйымдастыруға бағытталған «Q-LIFE» жобасы алды. Бұл жоба қоғамға көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі балалары бар компания қызметкерлеріне жәрдем етуді көздейді.  

– Алматы аймағы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің 7 мен 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларына көмек көрсетуді көздейміз. Мақсат – ерекше санаттағы балаларға және олардың ата-аналарына арналған жазғы демалысты ұйымдастыру, сауықтыру шараларын өткізу, рухани қолдау, бұл балаларға қоғамның көзқарасын өзгерту, олардың еркін саяхаттауына жол ашу және еліміздің көрікті жерлерін тамашалауға септік ету, отандық туризмді дамытуға үлес қосу, – дейді осы жоба авторларының бірі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы Алматы учаскесінің жолсерігі Диана Бейімбетова.  

Ал волонтерлердің әлеуметтік бағыты бойынша «Бақыт кәрзеңкесі», корпоративтік бағыт бойынша «Жақсылық», экологиялық бағытта «ЭКО» жобасы жеңімпаз болды. Атап айтқанда, «Жақсылық» жобасын ұсынғандардың бірі, ЭЧ-25 электрмеханигі Азамат Бүркіттің айтуынша, олардың жобасы ҚТЖ-да мүгедек болып қалған қызметкерлерге көмек беруге, олармен әңгімелесіп, үнемі байланыс орнатуға, үйлерін жөндеп беруге бағытталған. Сол сияқты Астана теміржол вокзалы кешені пайдалану бөлімінің менеджері Әйгерім Садықованың айтуынша, «ЭКО» жоба мақсаты – компания қызметкерлерінің экологиялық мәдениетін арттыру.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс филиалы Маңғыстау телімінің пойыз бастығы Нұржан Сансызбайұлы, әлеуметтік бағыттағы «Бақыт кәрзеңкесі» жобасының мақсаты – қайырымдылық марафонын ұйымдастырып, соның шеңберінде қызметкерлердің ақшалай емес, заттай сыйлықтар жинап, оны балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне табыстау екенін айтады. Форумға қатысқан «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов 2020 жылғы Еріктілер жылында ҚТЖ жастарының күшімен атқарылған жұмыстарды еске салып, теміржолшылардың қоғамдық жұмыстарға атсалысуын жоғары бағалады.  

– Бұл форум – волонтерлік сала бойынша «Самұрық-Қазына» қорына қарасты портфельдік компаниялар арасында өтіп жатқан алғашқы іс-шара. Еріктілік біздің қанымызда бар қасиет. Қазақ халқы бұрын да, қазір де асар жасап, ауылдарда бір-біріне көмек береді. Осы жағынан ҚТЖ жастары өте белсенді, – деді ол.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко осыдан он шақты жыл бұрын өткен ҚТЖ жастар форумының алғашқы жеңімпазы болған сәтін еске түсіріп, саланың қазіргі буын өкілдеріне сәттілік тіледі. Форум барысында республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысқан белсенді жастарға алғыс хаттар табысталды. Таза ойындар, яғни экологиялық ойындар бойынша «Мазалама» командасы жеңімпаз болып, «Теміржол білгірлері» зияткерлік ойынынан «Жақсылық» командасы бірінші орын алды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті