Туған күніңмен, кәсіподақ!

Жаңалықтар
10.10.2023, 08:42
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

10 қазан  –  Кәсіподақ қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100 мыңға жуық қызметкері мүше болып табылатын «Қазкөліккәсіп» ҚБ бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Былтыр 30 жылдығын атап өткен «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында еңбек ететін жүз мыңдаған теміржолшылардың тірегіне айналған қоғамдық ұйым. Оның тарихы тәуелсіз Қазақстан тарихымен тамырлас. 1992 жылы Алматыда теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағының алғашқы құрылтай съезі өтіп, оған республикамыздың үш темір жолынан 120-дан астам делегат, ҚР Көлік және коммуникациялар бірінші министрі қатысты.  

Бүгінгі таңда «Қазкөліккәсіп» ҚБ – Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясы құрылтайшыларының бірі және Халықаралық көлік федерациясының мүшелік ұйымы. Оның құрылымына 13 филиал, 17 жергілікті кәсіподақ, 315 бастауыш кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау және Семей өңірлері мен Защита торабы бойынша Орталық кәсіподақ кеңесінің төрт өкілі кіреді.  

Кәсіподақтың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, оның еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен өзара қарым-қатынасы тең құқылы әлеуметтік әріптестік қағидаты бойынша құрылған. Салаға қатысты келісімде және ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелер мен кепілдіктерді іске асыру теміржол көлігінің тұрақты жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.

Кәсіподақтар мерекесі құрметіне ҚТЖ-да Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы арнайы флешмоб ұйымдастырды. Олар  атаулы күнде олар флешмобтан бөлек ҚТЖ бас мұражайында куиз ойынын ұйымдастыруды көздеп отыр.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады