Жолаушылардың мазасын алған мас әйел пойыздан түсірілді

Жаңалықтар
16.11.2023, 10:49
Сурет: polisia.kz

Жамбыл облысы көліктегі полиция департаменті мас жолаушы пойыздан түсірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Астана – Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызы Шу станциясына келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсірді.  

«Тексеру барысында көлік полицейлері Түркістан облысының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Ол қоғамдық орында масаң күйде болған және түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған», – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.  

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), 437-бабының 2-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 15 АЕК (51 750 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.  

«Айта кету керек, аталған азаматша бұған дейін тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын», – деді полиция полковнигі.

 

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті