KTZ Express халықаралық форумда Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін көрсетті

Жаңалықтар
28.11.2023, 11:48

Түркістан қаласында облыс әкімдігінің қолдауымен "Түркістан: туризм, экономика, инвестициялар" Халықаралық экономикалық форумы өтіп, оның барысында Жібек жолын дамыту перспективалары талқыланды. 

Іс – шараға қатысушылар назарын "Жібек жолы Қытай-Еуропа: Орта және Оңтүстік дәліздердің мүмкіндіктері мен мәселелері" атты логистика бойынша панельдік сессиясы аударды, оның барысында "KTZ Express" АҚ Бас директорының м.а. Дәмір Қожахметов Орта дәлізді (ТХКБ) дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

"Бүгінгі таңда ТХКБ Қазақстан арқылы өтетін перспективалы транзиттік маршруттардың бірі болып табылады. ТХКБ бойынша серіктестерімізбен транзиттік өнімді құру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді, сондай-ақ баға белгілеудің бірыңғай қағидаттары қалыптастырылды. Қазіргі уақытта ТХКБ дәлізін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті Дәмір Қожахметов.  

Форум аясында еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайту және "Бақты" өткеліндегі құрғақ портты, Сиандағы (ҚХР) логистикалық орталықты және Грузияның Поти портындағы терминалды салу жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жалпы, панельдік сессияға қатысушылар Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамыту және оңтайландыру экономикалық байланыстарды нығайту, көрсетілетін қызметтерді жақсарту және ол өтетін өңірлердің геосаяси маңыздылығын арттыру үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды