Кадрлар таунхоллда бас қосты

Жаңалықтар
08.12.2023, 10:02
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сәрсенбі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кадр жетекшілері бас қосқан жиын Таунхолл форматында өтті. Дәстүрлі жиындардан ерекше басқосуда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2024-2028 жылдарға арналған кадрлық саясаты» көпшілікке ұғыныңқы және мотивациялық тілмен түсіндірілді.

Таунхоллға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасы Джон Йэн Маккей қатысып, көпті көрген білікті маманның кадр мамандарымен еркін сөйлесіп, пікір алмасуы жиынды тіпті әсерлі етті.  

Алдымен Таунхолл деген не дейтін болсақ, жалпақ тілмен түсіндірсек, бұл кеңседен тыс еркін форматта өтетін жиын түрі. Таунхолл аясында адамдар бизнес процестерінің бағытын, аяқ алысын, болашағын, кемшін тұстарын ресми емес алаңда сараптауға, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап іздеу мүмкіндігі бар.  

«ESG рейтингін арттыру, ҚТЖ-ның 2032 жылға дейінгі даму стратегиясын жаңарту шеңберінде, сондай-ақ Жалғыз акционердің тапсырмаларын орындау мақсатында ҚТЖ-ның 2024-2028 жылдарға арналған кадр саясаты бекітілді. Кадр саясатын жаңарту үшін орталық аппарат басшыларының және ҚТЖ филиалдары мен еншілес ұйымдарындағы адам ресурстарын басқару процестеріне жауапты қызметкерлердің қатысуымен стратегиялық сессиялар өткізілді. Бұл стратегиялық сессиялар ESG және IR тәжірибесін ескере отырып, Кадр саясатының бағытын айқындау мен негізін құрайтын ортақ мақсаттар мен бастамаларды әзірлеуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев.  

Ал Йэн Маккей бүгінгі кездесудің ресми түрде емес, осындай ашық диалог алаңы ретінде өтуін былай деп түсіндірді.  

– Бүгін біз басқосуға адам ресурстарын басқаратын саланың басшыларын жинадық. Қазір Ұлттық компанияда алдағы төрт жылда іске асырылатын кадр саясаты әзірленіп жатыр. Компания бәсекелестік ортада дамуы, алға жылжуы қажет. Іс тетігін кадрлар шешеді демекші, Компанияның табысты жұмыс істеуі бірінші кезекте кадрларына тікелей байланысты. Сондықтан біз бүгінгі кездесуде кадр басшыларынан нені қалайды, қандай сұраныс, ұсыныстары бар, соны білу үшін және келешекке бір арнада қадам басу үшін таунхолл ұйымдастырдық, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі.  

Таунхолл барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің мамандарымен кадр саясатының маңызды бағыттары слайдтарға шолу жасала отырып, түсіндірілді. Атап айтсақ, бірінші бағыт Компания құндылықтары мен қызметкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, ESG тәжірибесін дамытуға бағытталған корпоративтік мәдениетті құру және қолдауға арналса; екіншісі жоғары білікті мамандарды тартуға, дамытуға және сақтауға, сондай-ақ қызметкерлердің қанағаттану және уәждеме деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған дарындылықты басқару және қызметкерлердің әл- ауқаты бағдарламаларын әзірлеу және енгізуге; үшіншісі, адам ресурстарын басқару процестерін оңтайландыру және қабылданған шешімдердің сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялар мен HR-аналитиканы енгізуге; ал төртіншісі Компанияның даму стратегиясын қолдауға және операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған HR іскерлік серіктестіктерді және HR функцияларын дамытуға негізделген.

Компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева, Кадр саясаты адам капиталының құнын арттыруға, қолайлы жағдайлар жасауға және еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

– Жаңартылған кадрлық саясатқа арналған Townhall бизнес қажеттіліктеріне негізделген, ол бізге бизнес мәселелерін тыңдауға және шешуге көмектеседі. Осы ретте, біз HR-дің жинақы болуына, алда үлкен сын-қатерлер күтіп тұрғанын түсініп сезінулеріне және оларды сауатты шешіп, көптеген құзыреттіліктерді қайта қарастыратындарына басымдық береміз. Осылайша, кадрлар біздің компанияны ірі көліктік-логистикалық холдингке айналдыруға көмектесетін өзгерістер драйвері бола бастайды, – дейді Сәуле Истлеева.  

Оның айтуынша, жаңа кадр саясатын құрастыру барысында бенчмаркинг жүргізіліп, халықаралық компаниялардың жақсы тәжірибелері салыстырылып қаралған. Тіпті ұлттық компанияның басты бәсекелес компанияларымен, оның ішінде Ресей темір жолының тәжірибелері де назарға алынған. Осылайша, Қазақстан үшін ең тиімдісі таңдап алынып, ҚТЖ-ның кадр саясатына бейімделіп жасалған. Қорыта келсек, кадрлық саясаттың жүктелген міндеттерін іске асыру процестердің оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, сандық және сапалық құрамды жаңарту арқылы бизнестің қажеттіліктері өтелмек.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты