Осы жылдың 11 ай қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ паркінің жүк вагондарын жөндеу жоспары 103% орындалды. 

Жоспарланған 11,9 мың вагонның орнына 12,3 мыңнан астам бірлік жөнделді.

7 345 жүк вагонына деполық жөндеу жүргізілді. 2 706 вагон күрделі, 2 313 вагонының қызмет ету мерзімі ұзартыла отырып, деполық жөндеуден өтті.