ҚТЖ кадр саясаты: 2023-2028 жылдарға арналған конкурстық іріктеу рәсіміне қандай өзгерістер енгізілді?

Жаңалықтар
20.12.2023, 16:54
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кез келген саланың дамуы кадр саясатына тікелей байланысты. Білікті мамандарды іріктеп алу – істі ілгері басқызатыны түсінікті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның алдағы 5 жылға конкурстық іріктеу рәсіміне енгізген өзгерістері осындай мақсаттан туындаған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кадр саясаты: 2023-2028 жылдарға арналған конкурстық іріктеу рәсіміне қандай өзгерістер енгізілді? Ұжымдық шартта қандай талаптар ескерілуі тиіс? «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің персоналды басқару бөлімі ұйымдастырған практикалық семинарда кадр саясатына қатысты кеңес беріліп, түйткілді мәселелер талқыланды.  

«ҚТЖ» ҰК «АҚ-ның кадр саясаты: 2023-2028 жылдарға арналған конкурстық іріктеу рәсіміндегі өзгерістер. 2024-2026 жылдарға арналған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және оның еңбек ұжымы арасындағы «Ұжымдық шарт» және қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйақы беру қағидалары» тақырыбын көтерген семинарға Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлық мекеменің кадр жөніндегі менеджерлері қатысты. Атап айтсақ, Шу, Жамбыл, Сарышаған жол және электрмен жабдықтау дистанциялары, белгі беру және байланыс дистанциясының, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының кадрлық мәселелерге жауапты мамандарына кадр саясатына байланысты жаңадан енгізілген өзгерістер мен талаптар түсіндіріліп, жаңадан қабылданған Ұжымдық шартқа байланысты сауалдарға жауап берілді.    

– Екі күнге созылған практикалық семинарда Ұжымдық шартқа байланысты туындаған сұрақ көп болды.Тміржолшыларға еңбекақы төлеу және сыйақы беру қағидалары жан-жақты түсіндірілді. Кадр жөніндегі мамандар жұмыс барысындағы ситуациялық жағдайлардың оң шешімін табу үшін қандай ереже, қағидаларға сүйену керектігі төңірегінде пікір алмасты. Қажетті кеңестер берілді, –   дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі персоналды басқару бөлімінің басшысы Назгүл Кекежанова.

Семинар қортыныдысы бойынша барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табыс етілді.  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды