Жаңа жыл қарсаңында 18 мыңнан астам теміржолшы кезекшілікке түседі

Жаңалықтар
29.12.2023, 12:40

Теміржол тәулік бойы және үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы бір секундқа да тоқтамайды. Жұмыс түнде және күндіз де, мерекелер мен жұмыс күндері де, демалыссыз және үзіліссіз қайнап жатады.

Мерекелік түнде 18 мыңнан астам теміржолшы жұмысқа шығады. Олардың ішінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның 11 мыңнан астам, Магистральдық желі дирекциясының 2,5 мыңға жуық, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2,2 мыңнан астам қызметкері бар. ӘТЖК-нің 1,5 мыңнан астам қызметкері теміржолда жүктердің қауіпсіздігін, сақталуын және тәртібті қамтамасыз ететін болады.

Локомотив бригадалары жолаушылар мен жүктерді межелі жерге жеткізу үшін рейске шығады. Машинистермен бірге вагондарды тексерушілер, пойыз құрастырушылар, байланысшылар, жолшылар және басқа да теміржол кәсіптерінің өкілдері күрделі механизмнің жұмысын қамтамасыз етеді.

Елдегі барлық тасымалдау процесін үш өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарынан және тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығынан (ТБАО) бақылайды.

Жаңа жыл қарсаңында ТБАОжол диспетчері Шолпан Темірбекова бірінші жыл жұмыс істеп отырған жоқ. Теміржолда 25 жыл еңбек етеді. Ол жол бригадирі болып жұмыс істеген әкесінің ізімен келген еді. Өз жолын Қостанай облысының Қазанбасы шағын станциясынан бастады. Қазір ол елдің оңтүстік аймағының тасымалдау процесін реттейді. Жаңа жыл қарсаңында ауысымда ТБАО-ға 12 диспетчер қатысады.

«Мен жаңа жылдық ауысым мен қарапайым күндерде жұмыс істеудің арасында ерекше айырмашылықты көрмеймін. Барлығы пойызбен жүреді, барлығы да жұмыс істейді. Бірақ сәл жауапты және мұқият болу керек. Түн ортасында сіз әріптестеріңізді құттықтайсыз: «Жаңа жыл құтты болсын!», деп содан кейін тағы да жұмыс», - дейді ол.

Достық–Мойынты учаскесінде жүздеген механизаторлар, жолдар, көпіршілер, энергетиктер екінші жолдардың құрылысын жалғастыруда. Жаңа жыл басталғанға дейін олар 300 км. астам теміржол төсемін төсеп үлгерді.

Жаңа жыл қарсаңында жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолсеріктер мен пойыз бастықтары жұмыс істейді.

Дәстүр бойынша, өткен жылдың соңғы күнінде теміржолшылар жолаушыларды вокзалдар мен пойыздарда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды. Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру үшін вагондар жаңа жылдық тақырыпта безендірілген. Аяз Ата мен Ақшақар кішкентай жолаушыларға тәттілер таратады.

Жаңа жыл қарсаңында теміржолшылар пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты