2023 жылы ҚТЖ-да өртке қарсы 50-ден астам іс-шара іске асырылды.
ТЖД бөлімшелерімен бірлесіп 266 оқу-жаттығу, өртке қарсы қауіпсіздікке 42 мыңнан астам тексеру жүргізілді. ҚТЖ өкілдері ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның 6 отырысына, ТЖ алдын алу мәселелері жөніндегі 3 кеңеске қатысты.
Өткен жылы теміржол көлігі объектілеріндегі өрттердің саны 2022 жылғы деңгейге қарағанда 20%, яғни 80 жағдайға дейін төмендеді. Өрттерді тергеу қорытындысы бойынша басқарманың барлық деңгейлерінде жедел кеңестер, жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, түзету шаралары әзірленді және іске асырылды.
2024 жылға ҚТЖ объектілері мен жылжымалы құрамдарын өрттен қорғау бойынша 60 іс-шара көзделген.