2023 жылы теміржолшылар 500-ден астам рационализаторлық ұсыныстар әзірледі

Жаңалықтар
30.01.2024, 10:05

Жаңашылдықтар еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуға, ОЭР үнемдеуге, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне, технологиялық процестерді және теміржол инфрақұрылымы құрылғыларының сенімділігін жақсартуға бағытталған. Ұсыныстарды енгізудің жиынтық экономикалық әсері 14,8 млн теңгеден асты.

ҚТЖ-да 500-ден астам өнертапқыш жұмыс істейді. Өткен жылы оларға авторлық сыйақы ретінде 20 млн теңгеден астам қаражат төленді.

«ҚТЖ-дағы үздік техникалық шешімі» байқауының қорытындысы бойынша 2023 жылы 18 өнертапқыштық ұсыныс анықталды. Байқау жеңімпаздарының қатарында әр түрлі номинациялар бойынша Аягөз жол дистанциясының токары Сергей Лышиленко, Железорудная  станциясының вагондар тексерушісі Мұрат Ержанов, Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Қазбек-Жарылғасын Оспанов, Павлодар белгі беру және байланыс дистанциясының  учаске бастығы Бауыржан Бабатаев, Жақсы станциясының тартқыш қосалқы кіші станциясының бастығы Юрий Глобенко, Жамбыл локомотив пайдалану депосының жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы Иван Шамлиди және Тараз станциясының бас инженері Еркін Шардарбеков бар.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік рационализатор» төсбелгісімен Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің бөлім бастығы Еран Хасенов, Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының бастығы Сапар Жазыбаев, Тобыл белгі беру және байланыс дистанциясының аға электрмеханигі Талғат Тәліпов, Қарағанды электрмен жабдықтау дистанцияларының аға электромеханигі Саян Әкімов, Достық вагон пайдалану депосының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Бейбіт Жабаев, Орал белгі беру және байланыс дистанциясының белгі беру, орталықтандыру, блоктау жөніндегі басшысының орынбасары   Шынтас Қалилолла, Түлкібас жол дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Шәмшидин Дадабаев марапатталды.

ҚТЖ қызметі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды құралы ретінде рационализаторлық қызметтің деңгейін арттыруға және дамуын ынталандыруға бағытталған.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті