Ақтау портына гидродинамикалық модельдеу жүргізіледі

Жаңалықтар
20.02.2024, 10:19
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Дүниежүзілік банктің мамандары Каспий теңізі деңгейінің төмендеуін зерттеу жұмыстарын жүргізетін команданы ұсыну мақсатында Ақтау теңіз портына келді.  

Алдағы 18 ай ішінде HR Wallingford компаниясының мамандары Каспий теңізі бойынша алдыңғы зерттеулердің деректерін, өңірлік Климаттық модельдердің (RCM) нәтижелерін кезең-кезеңімен зерттеп, рельефтің цифрлық моделін және су алаптарының гидрологиялық моделін дайындайды. Сондай-ақ климаттың өзгеруінің болашақ сценарийлерін модельдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді (telemac) пайдалана отырып, бүкіл Каспий теңізі мен Ақтау портын гидродинамикалық модельдеу жүргізіледі.  

Зерттеулер барысында жинақталған деректер мен ұсынымдар Ақтау портының инфрақұрылымы мен жабдықтарын қайта жаңарту мен жаңғыртудың кейінгі жобаларында пайдаланылатын болады.

Соңғы онжылдықта Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі осы ішкі су айдынына іргелес елдердің экологиясын, экономикасын және әлеуметтік аспектілерін қозғайтын күрделі проблемаға айналды. Мамандар бұл құбылыстың ұзақ мерзімді әсеріне, соның ішінде биоәртүрліліктің жоғалуына, су мен ауа сапасының нашарлауына және экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіретініне алаңдаушылық білдіреді.  

Дүниежүзілік банк өкілдерінің сапары – бұл Ақтау портының Каспий теңізі деңгейінің төмендеу проблемаларын зерттеу бағытындағы бастамаларын іс жүзінде жүзеге асыру. Кездесуде «АТСП» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев барлық өңірлік құрылымдардың бірлескен күш-жігері ғана өңірдің бірегей экожүйесін сақтауға және оның болашақта тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға