Достастық теміржолшылары жүк вагондарына қойылатын бірыңғай талаптарды талқылады

Жаңалықтар
08.03.2024, 12:36
Cуретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана қаласында үш күнді қамтыған Достастыққа қатысушы мемлекеттер теміржол көлігі жөніндегі кеңесі Вагон шаруашылығы комиссиясының 77-ші отырысы өтті. Іс-шараның соңғы күнінде отырыс хаттамасына қол қойылды.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Эстония, Латвия мемлекеттерінің, ал Армения мен Түрікменстан елдерінің (онлайн режимінде) теміржол әкімшіліктері вагон шаруашылығы комиссиясының мүшелері, ТМД теміржол көлігі кеңесі дирекциясының өкілдері, ғылыми-зерттеу ұйымдары, вагон жасау және вагон жөндеу кәсіпорындары, жылжымалы құрам иелері және теміржол көлігі операторлары қатысқан кеңейтілген отырыста жүк вагондарын жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ 1520 кеңістігінде жұмыс істеудің ортақ принциптері талқыланды.  

– Күн тәртібінде вагондарды жөндеуге, жылжымалы құрам арбаларының жұмысын жақсартуға қатысты негізгі бағыттар бойынша 50 астам тармақ қаралды. Олар – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға әкелетін ең маңызды элемент. Жөндеу технологиясына да бірнеше өзгерістер енгізіледі. Вагондардың серіппелі рессорлы жинақтарының жұмысы, ашық вагондардың люктері бойынша келесі кеңестерде дұрыс шешім қабылдау үшін біз бірқатар ғылыми зерттеулерді анықтадық. Қазіргі уақытта біз вагондарды жаңғырту туралы шешім қабылдадық, бұл рефрижераторлы термиялық, сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған жылжымалы құрамдар сияқты вагондарды ұзақ мерзімге пайдалануға мүмкіндік береді. Тораптар жаңғыртылатын болады, бұл оларды белгіленген мерзімнен кейін пайдалануға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Комиссия төрағасы Роман Хойхин.  

Осылайша, Вагон шаруашылығының комиссиясы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша құжаттаманы жаңартты. Атап айтқанда, «Жүк вагондарының модельдері», «Жүк вагондарының пайдалану мерзімін ұзарту үшін күрделі жөндеу жүргізудің техникалық шарттары» және тағы басқа анықтамалықтар. Сондай-ақ тежегіш жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жылжымалы құрамның тежегіштерін басқару қағидаларына өзгерістер енгізілді.  

Сонымен қатар кездесуде Достастық темір жолдары әкімшіліктерін халықаралық жүк тасымалдарын ұйымдастыру және жүк вагондары паркін бірлесіп пайдалану бойынша үйлестірудің жалпы мәселелері қаралды.  

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Достастық елдері жүк вагондарының жалпы паркі 1,7 миллионнан астам бірлікті құрайды, оның ішінде Ресей иелігінде 1,3 млн астам вагон болса, 130 мыңнан астамы Қазақстанға, қалған 45 мыңнан астамы Беларусь және басқа елдерге тиесілі.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты