Ұлыстың ұлы күні ұлықталады

Жаңалықтар
19.03.2024, 11:43
Сурет редакция мұрағатынан
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, күллі шығыс халықтарының жыл санауы бойынша күн мен түн теңеліп, тіршілік оянатын жыл басы Наурыз мейрамы биыл республикалық деңгейде Түркістанда аталып өтетін болады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан дерекке сүйенсек, биыл наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, барлық аймаққа таратылған. Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін «Наурызнама онкүндігі» жарияланған. Оның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналып отыр.  

14 наурыз – Көрісу күні немесе Амал мерекесін атап өту дәстүрі негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған.  

15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімге және көршілермен тату тұруға арналып отыр.  

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған.  

17 наурыз – «Шаңырақ күні». Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.  

18 наурыз – Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.  

19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру мақсат етілген.  

20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.  

21 наурыз – Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты – жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.  

22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. 14-23 наурыз аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өтеді.  

23 наурыз – Тазару күні. Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде етіп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.  

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жүз мыңдаған үлкен ұжымы Наурызнама онкүндігін жоғары деңгейде атап өтуде. Амал мерекесін Атырау атырабынан бастап, кәрі түбек Маңғыстау тойлап, Оралда көрісу күні жалғасын тапты. Ал қайырымдылық жасаудан теміржол жастары ешқашан қалыс қалған емес. «Шаңырақ күніне» «Жолаушылар тасымалы» АҚ ерекше дайындықпен келді. Олар өздері отыратын қабатта киіз үй тігіп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайыпты. Ал Ұлттық киімдер күні бүкіл теміржолда керемет насихатталып, бұл күні барлық қызметкерлер жұмысқа ұлттық киімде келіп, қыз келіншектердің алуан нақыштағы әшекей бұйымдары көздің жауын алуда.  

«ҚТЖ» компаниясы биыл Наурыз мейрамын еліміздегі көне шаһарлардың бірі Түркістанда атап өтеді. Жаңару күні аясында өтетін мерекелік шара ағаш отырғызудан басталмақ. Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы этноауылда «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдары ақшаңқан үй тігіп, қазақтың салтдәстүр, әдеп-ғұрыптары кеңінен дәріптелетін болады. Түркі жұртының рухани астанасында бір ғажайып тойдың болары анық...  

 

Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
Жолаушылар тасымалы
29.04.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 3 млн-нан астам жолаушы тасымалданды
Әлемде
29.04.2026
АҚШ өткелдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1,1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмек
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржол өткелдерінде орын алған жол-көлік оқиғалары саны азайды
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржолды кесіп өткен 18 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
MyQaz.kz