Немістердің Deutsche Bahn (DB) компаниясы ҚТЖ пойыздарындағы сервис пен қызметтерді жақсартуға көмектеседі

Жаңалықтар
24.05.2024, 13:42
Оқуға 2 мин

DB интермодальды тасымалдарды іске асыруға, ХАБ жүйелерін дамытуға, маркетинг, қызмет көрсету және сатудағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді енгізуге, қызмет көрсету сапасын және ел тұрғындары үшін ыңғайлылықты арттыру мақсатында қозғалыстағы құрамды жаңарту мәселесінде кеңес береді.  Бұл туралы DB Engineering & Consulting компаниясының операциялық бас директоры Франтишек Буреш ҚТЖ кеңсесінде өткен брифингте айтты.

DB Engineering & Consulting GmbH және ҚТЖ арасында жолаушылар тасымалы және транспорт-логистика саласында серіктестікті дамыту туралы келісімге 2023 жылдың 20 маусымында Берлин қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары кезінде қол қойылды.  

Серіктестік шеңберінде DB мамандары Ұлттық тасымалдаушының бизнес-процестерін жетілдіру және стратегиялық мақсаттарға жету бойынша кеңес беру қызметтерін және компанияның мамандарына сараптамалық қолдау көрсетеді.  

«Біздің компания клиенттерге көрсетілетін сервистік қызмет сапасын жақсартып, ыңғайлы ете түседі. Оның ішінде сауда жүйесін тиімді етеді. Қазір онлайн сатылым жоғары қарқынмен дамып жатыр, сондықтан біз оған да ден қоюдамыз. Бір сөзбен айтқанда неміс теміржолында іске асырылып жатқан қызмет көрсетудің жоғары сапасын осында енгізетін боламыз», - деді Франтишек Буреш.

DB Engineering & Consulting GmbH — әлемдегі жетекші бес логистикалық компания қатарына кіретін, үлкен теміржол концерні және Deutsche Bahn AG-ның еншілес кәсіпорны. Компания жыл сайын Германияда және бүкіл Еуропа бойынша 190 млн тоннадан астам жүк пен шамамен 2,4 млрд жолаушыны тасымалдайды. 1966 жылдан бастап DB компаниясы 100-ден астам елде өз жобаларын сәтті жүзеге асырады. Әлем бойынша компания құрамында шамамен 340 мың қызметкер жұмыс істейді.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды