ҚТЖ-да «Азаматтық қорғаныс» форумы өтті

Жаңалықтар
28.06.2024, 10:54
Суретті түсірген Диас НҰРМАҒАНБЕТОВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияда Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне арналған корпоративтік даму бағдарламасы аясында форум-семинар өтті. Іс-шараны компанияның Адами ресурстарды басқару департаменті ұйымдастырды.

«Азаматтық қорғаныс» форумына ҚТЖ» ҰК» АҚның барлық өңірлері мен құрылымдарынан осы салаға жауапты 50 маман қатысып, семинарды өткізуге компания мен мемлекеттік органдардың ішкі провайдерлері және ішкі жаттықтырушылары, салалық сарапшылар шақырылды.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласының қызметкерлеріне арналған корпоративтік даму бағдарламасын компанияның Адами ресурстарды басқару департаменті мен Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бөлімі бірлесіп әзірлеген. Бағдарлама теміржол көлігіндегі ықтимал кез келген төтенше жағдайларға дайындық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталады. Бүгінде Қазақстандағы төтенше жағдайлардың көбеюіне байланысты уәкілетті органдар мен Азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың жұмыс қарқыны күшейтілген. Бұл бағдарлама мақсаты – компанияның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғанысқа жауапты мамандарының кәсіби деңгейін арттыру.  

Оқыту бірнеше маңызды аспектілерден тұрады. Бірінші – азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайға жауап қату мәселелері бойынша теориялық дайындық. Мұнда құқықтық жағы, нысан басында азаматтық қорғаныс іс-шарасын жоспарлау, мүлкі мен нысандарын инженерлік қорғау, әлемдегі геосаяси жағдайларды сараптау қарастырылып отыр. Екіншісі, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша практика, үшіншіге төтенше жағдайларды жою және алдын алуға бағытталған әдістер мен заманауи технологияларды, нысан бойынша жоспарланған АҚ құжаттарын әзірлеу жатады. Сондай-ақ жеке басы мен іскерлік біліктілікті арттыру, атап айтқанда, тиімді коммуникация мен кикілжіңді басқаруға арналған.  

ҚР ТЖ министрлігі әскери бөлімдер бойынша халықты оқыту жөніндегі Азаматтық қорғаныс комитеті және Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау басқармасының бастығы Сұлтан Кәрібжанов мұндай семинарлардың сала мамандарының теориялық және практикалық білімі мен біліктілігін арттыруда ықпалы зор екенін атап өтті.  

– Қазақстан темір жолының еліміздегі ірі логистикалық компания әрі көлік хабы ретінде орны бөлек. Осындай алып компания азаматтық қорғаныс саласын дамытып отырғаны қуантады. Біз бұл сала мамандарымен өте тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бүгін оларды оқыту, білім деңгейін арттыру мақсатында өткізіліп отырған форум-семинардың маңызы өте зор, – дейді ол.  

Үш күндік іс-шарада «Қайта жинақтау тетіктерін қолдану тәжірибесі» деп аталатын шеберлік сабағы өткізіліп, оны Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес серіктесі Алма Сәулебаева жүргізді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды