ҚТЖ танымал мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) жалған аккаунттар құратын және ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдардың алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді.
Жалған ақпараттық сілтемеге сенбеу, күмәнді сілтемелерді ашпау, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармау туралы өтініш білдіреміз.
Мұндай қоңырауларды алған жағдайда, осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.