Заң қызметінің жұмысы қорытындыланды

Жаңалықтар
16.07.2024, 10:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазтеміртранс» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Әділжан Алмусиннің төрағалығымен Ақмола, Алматы, Семей және Павлодар филиалдарының құқықтық қамтамасыз ету және заң қызметтері департаментінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті.

Жиында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы филиалдардың заң қызметінің қорытындылары туралы есеп тыңдалды. Кеңеске қатысушылар құқық қолдану практикасындағы олқылықтарды сөз етіп, оларды тиімді шешу жолдарын талқылады. Тыңдау қорытындысы бойынша басқарушы директор Әділжан Алмусин компанияның заң қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Қорытындылай келе, құқықтық қамтамасыз ету департаменті топтарының өкілдері кеңеске қатысушыларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалғыз акционерімен өзара іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ наразылық және келісімшарттық жұмыс, сенімхаттар дайындау және беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша корпоративтік рәсімдердегі өзгерістермен таныстырды, сондай-ақ филиал қызметкерлеріне атқарылған жұмысы және жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірді.  

Талқылау нәтижелері бойынша барлық деңгейдегі заң қызметтерінің қызметкерлері арасындағы тиімді коммуникация атап өтілді, сондай-ақ алдағы кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күніне орай бірқатар филиалдардың заң қызметтерінің қызметкерлері: Ақмола филиалынан – М.Ермекқызы, Ж.Қонысбаев, Алматы филиалынан – А.Нұрғожаева, О.Рысқұлбек, С.Пралиева, Семей филиалынан – Г.Қожекенов және Павлодар филиалынан Қ.Нұрбай, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Р. Абдуллин «Қазтеміртранс» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ә.Алмусиннің алғысы мен атаулы грамотасымен марапатталды.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда