Үкімет Wabtec компаниясымен «жасыл» локомотивтер шығару жоспарын талқылады

Жаңалықтар
17.07.2024, 13:34

Жақында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) америкалық компаниясының бас директоры Рафаэль Сантанамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Компания көлік және логистика саласы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында (Fortune 500 тізіміне енген). 

Талқылау барысында Роман Скляр Үкімет тарапынан теміржол саласын дамыту бойынша, оның ішінде, жылжымалы құрамды жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Бұдан бөлек, тараптар компанияның Қазақстанда жаңа буынның «жасыл» локомотивтерін шығару жоспарын талқылады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары америкалық тарапқа «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ негізінде Wabtec инжинирингтік орталығын құрғаны үшін алғысын білдірді. 

Рафаэль Сантана Орталық баламалы энергия көздерін (СТГ, сутегі және аккумуляторлар) пайдалана отырып, локомотивтер шығару, сондай-ақ Қазақстанда жасалатын және басқа елдерде (Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова) қолданылатын локомотивтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмыс істейтін болады деп сендірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға америкалық компанияның бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті