Теміржолшылар алаңы мүсіндер сериясымен толықты

Жаңалықтар
06.08.2024, 08:54
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай елорданың «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы жанындағы «Теміржолшылар алаңы» магистраль мамандықтарының құрметіне орнатылған мүсіндер сериясымен толықтырылды. Көлік қызметкерлері күні оның салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен сала ардагерлері қатысқан шарада көпшілік назарына машинист, жолсерік, жолшы мамандықтарын сомдаған мүсіндер ұсынылды. Шағын архитектуралық пішіндердің авторы – белгілі мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Мансұров. Мүсіндер теміржол магистралінің қуатты күшінің белгісі ретінде қоладан жасалған.  

Ардагерлер темір жолдың тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқаратын кәсіп иелерін бейнелеген мүсіндерге жоғары баға беріп, елордаға осындай 1 гектар алаңда 300-ге жуық жапырақты – үйеңкі, жөке, мойыл сынды түрлі ағаштар, 3000 астам бұталар мен гүлдер отырғызылған Теміржолшылар саябағын тарту еткен Ұлттық компанияға алғыс айтты. Бұдан кейін теміржолшы ардагерлер Орталық саябақта теплоходқа мініп, еркелей аққан Есіл өзені үстінде таза ауамен тыныстап, әсем қаланы су көлігі арқылы тамашалады.  

Түстен кейін ҚТЖ компаниясында еңбек көрігін қыздырып, теміржолдың ыстығы мен суығына бірдей жүрген магистраль майталмандарына арналған мерекелік кеш болды. Алдымен Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арнайы жасалған бейнеролик көрсетіліп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев көпшілікті кәсіби мерекемен құттықтады.  

– Биылғы төл мерекеміз Қазақ даласына темір жолдың алғашқы буыны төселгеніне 120 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Теміржолдың бүгінгі деңгейге жетуінде ата-бабаларымызбен бүгінгі салтанатты кешке қатысып отырған сала ардагерлерінің ерен еңбегі жатыр. Баршаңызға баға жетпес еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Бүгінде еңбек етіп жатқан теміржолшыларға да көп рахмет. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Компания рекордтық жетістіктерге жетті. Теміржолшылардың еңбек жағдайы Компания басшылығы тарапынан үнемі басты назарда екенін атап өткім келеді. Жалақыны көтеріп, шағын механизация құралдарын алып жатырмыз, еңбек жағдайын жақсартуға қомақты қаражат бөлініп отыр, – деді Компания басшысы.  

Бұдан кейін сахна төріне «Құрметті теміржолшы» белгісін алған марапат иелері шақырылды. Олар Компания басшысы қолынан марапат алып, естелікке суретке түсті. Ресми бөлімнен кейін салтанатты кеш теміржол саласының талантты еңбеккерлері «Jan» театрының әртістерімен бірлесіп ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты