Шымкенттік теміржолшылар соқтығысудың алдын алу мәселесін талқылады

Жаңалықтар
16.08.2024, 10:52
Оқуға 2 мин

Шымкент қаласында “Темір жолдағы қауіпсіздік. Соқтығысудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Іс – шараның ұйымдастырушысы Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесі.  Дөңгелек үстел жұмысына желілік полиция, көлік прокуратурасының қызметкерлері қатысты.

Кездесуде жазатайым оқиғаларды азайту үшін қолданылатын алдын алу шаралары айтылды. Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесінде бөгде адамдардың  қайғылы жағдайына жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін іс-шаралар жоспары әзірленді. Оның шеңберінде өңір теміржолшылары желілік бөлімдер қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын темір жолдарда болу ережелерін бұзуға жол бермеу бойынша рейдтер өткізеді.  

2024 жылдың 7 айында 188 рейдтік тексеру жүргізіліп, 92 бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылармен түсіндірме әңгімелер жүргізіліп, айыппұл санкциялары қолданылды. Темір жолдардың жанында тұратын елді мекендер тұрғындарымен темір жолдарда жүру-болу ережелері туралы 232 түсіндіру әңгімелесулері өткізілді. Оқу орындарында теміржол аймағында құлаққап киіп, ұялы телефонға назар аударудың салдары туралы 134 әңгіме болды. Балаларға қауіпті аймақтарда селфи мен ойындар немен аяқталуы мүмкін екендігі туралы айтылды.

“Өкінішке қарай, жүргізіліп жатқан жұмыс тиісті нәтиже бермеуде. Орын алған қағу оқиғаларының мән-жайларын талдау барлық жағдайлардың зардап шеккендердің жеке абайсыздығынан, белгіленбеген орындардағы темір жолдар арқылы өтуден, бейғамдығы мен алкогольдік масаңдықтан туындайтынын көрсетеді”,-деп атап өтті Шымкент бөлімшесінің бас инженері Ілияс Нұржанов.  

Теміржолшылар өңірдегі адамдар қауіпсіз жүру-болу ережелерін жиі бұзатын станцияларды анықтады. Олардың қатарында Шымкент, Қызылсай, Сарыағаш, Манкент, Бадам, Арыс, Дарбаза, Сас-Төбе, Бадам, Игілік, Монтайтас, Жылга, Темір, Қарақоңыр бар.  

Станцияларда комиссиялық айлық тексеру жүргізу кезінде теміржолшылар темір жолдары арқылы адамдар жаппай өтетін жерлерде дауыс зорайтқыш байланыстың жарамдылығын, станция шекараларында қауіп туралы ескерту белгілерінің болуын тексереді.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті