Маңғыстаулық жастар жеңіске жетті

Жаңалықтар
30.09.2024, 15:17
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҚТЖ компаниясының волонтерлықты дамыту бойынша осымен екінші рет ұйымдастырып отырған сайысында өз жобасымен қатысқан маңғыстаулық жастар жеңіске жетті.  

Астана қаласында өткен корпоративтік волонтерлар мектебі еліміздің әр аймағынан келген командаларды қарсы алды. Аталған сайыстың мақсаты аймақтардағы волонтерлықты дамытуды көздейді. Еріктілер сапында тұрып, қайырымды, қоғамға қажетті игі іс-шараларды атқаруына үндейтін бұл жоба бойынша өңірлерден барған командалар өз ұсыныстарын қорғайды. Маңғыстаулық жас теміржолшылар жолаушылар көлігінен шыққан қоқыстарды қайта кәдеге жарату жобасын ұсынған. Жоба ұйымдастырушылар көңілінен шығып, жүлделі орынға ие болған.  

  

– Қазіргі күнде волонтерлық әлемнің барлық жерінде жылдам дамып, соның нәтижесінде түрлі топтағы адамдар, қоғамдағы көп мәселелер шешімін тауып жатыр. Ұлттық компания да бұл мәселеге көңіл бөліп, түрлі  бастамаларды қолға алуда. Өйткені әр аймақтың өзінің проблемасы болады. Соның бірі немесе бірнешеуі еріктілер арқылы шешімін тапса жаман ба?!  Біз  бұл сайысқа жолаушылар пойызынан шыққан қоқыстарды сұрыптау пунктін ашу және оны өңдеуге жіберу жобасын жасаған едік. Себебі бұл мәселенің болуы табиғи жағдай, оны керісінше қажетті дүниеге айналдыру жобамыздағы басты міндет болды. Жұмысымыз комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. 12 команда ішінен бас жүлдені алдық, – деді түбек теміржолшы жастарының өкілі, Маңғыстау вагон депосының вагон қараушысы Қуатбек Көпбаев. Айтуынша, енді демеушілер табылса, жобаны жүзеге асыруға білек сыбана кіріспек.  

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға