Қызметкерлер білімдерін жетілдірді

Жаңалықтар
23.10.2024, 13:52
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –  Жамбыл материалдық-техникалық жабдықтау базасында «Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жылы» бағдарламасы аясында «Жұмыс жүргізу кезінде технологиялық процесті сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Магистральдық желі дирекциясы еңбек қауіпсіздігі,  материалдық базалар департаментінің, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің жетекшілерімен қатар ҚжЕҚ жетекші инженерлері, сондай-ақ 9 материалдық-техникалық базаның орта және кіші буын басшылары қатысты.

Семинар Жамбыл көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармаларының, Қабілет ғылыми-практикалық орталығы бөлім басшысының шақыруымен өтті.

Семинар барысында бірқатар өзекті мәселелер, атап айтқанда қызметкерлердің функционалдық міндеттерін орындау барысында жарақат алу қаупін, қызметкерлерде кәсіптік аурулардың пайда болу ықтималдығын азайту, сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығы мен компания мүлкіне зиян келтіруі мүмкін төтенше және оқыс  жағдайлардың алдын алу жайттары талқыланды.  

Өз кезегінде, мемлекеттік органдар ҚР Еңбек кодексінің нормалары мен талаптары бойынша және өндірістік бақылау жүргізу мәселесі бойынша түсініктемелер берді.  

Бұл семинар МТС базалары қызметкерлерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде тәжірибе алмасуға, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға