Мерейін үстем еткен марапат

Жаңалықтар
24.10.2024, 09:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Республика күні қарсаңында аймақ теміржолының өркендеуіне сүбелі үлес қосу арқылы әріптестеріне үлгі бола білген жүзге жуық теміржолшы қос бөлімшенің басшылары Батырхан Базарбаев пен Ербол Сәулебековтің қолынан «Қазақ теміржолына-120 жыл» мерейтойлық төсбелгісін алды.  

Еліміздің теміржол саласы өзінің 120 жылдық тарихында көптеген белестерді бағындырып, өзінің алпауыт компания екенін мойындата білді. Теміржолдың дамуына өз үлесін қосқан аймақтың әрбір теміржолшысының ерен еңбегі еш уақытта елеусіз қалған емес. Бұл жолы да Қызылорда ЖТ бөлімшесінен 36 сала еңбеккеріне, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінен 44 теміржолшыға құрмет көрсетіліп, кеуделеріне төсбелгі тағылды.

Сонымен қатар мереке қарсаңында Қазалы вагон пайдалану депосында Арғын Орымбаев үздік вагон қараушыларға атқарған жұмыстарына рахмет айтып, өз ісінің озаттарын марапаттап, кеуделерін жарқыраған мерейтойлық белгімен көмкерді.  

– Биыл Қазақстан темір жолына 120 жыл. Елдің бірлігі мен тәуелсіздігінің символына айналған Республика күні қарсаңында  компанияның дамуына және жұмыста жоғары нәтижелер көрсетіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан азаматтарды мерейтойлық медальмен марапаттауды жөн көрдік. Әрине вагон депосының әрбір қызметкерге марапатқа лайық. Бірақ бұл жолы ең озат деген қызметкерлер марапатталып отыр, – деді депо бастығы Арғын Орымбаев.

Сонымен Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналған мерейтойлық медальді Қазалы вагон пайдалану депосына қарасты Сексеуіл техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушысы А.Жарболов, Қазалы техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушысы А.Қараманов, Төретам вагондарды техникалық тапсыру бекетінің вагон қараушысы Е.Бисенбаев, Бекбаулы бақылау бекетінің вагон қараушысы Н.Тлеукулов, Жаңақорған бақылау бекетінің аға вагон қараушысы А.Ақылбеков, депоның бас инженері А.Тынымбаев кеудесіне тақты. Мерейі үстем болған оларға медальдан бөлек,  мекемелердің кәсіподақ ұйымдары атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда