Машина жасау өндірісі қарқын алды

Жаңалықтар
29.10.2024, 09:31
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл елімізде жүк вагондарының өндірісі алты есеге, яғни 1000 бірлікке ұлғайған. 2024 жылдың жоспары – 4000 вагон. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

Спикер қазіргі уақытта Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында өңдеу секторының үлесі 47,4% құрағанын, соңғы жылдары осы салада оң серпін байқалып отырғанын атап өтті.  

– 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 4%-ға өсіп, 22 триллион теңгені құрады. Биылғы жылдың 9 айында өндірістің өсуі 4,8% құрады. Өндірістің өсімі жиһаз, химия, металлургия өнеркәсіптері мен машина жасау есебінен қамтамасыз етілді. Ендігі меже – жыл соңына дейін 5,1% деңгейінде өсуді қамтамасыз ету, – деді О.Сапарбеков.

Оның айтуынша, теміржол машина жасауда жүк вагондарының өндірісі 6 есеге, яғни 1000 бірліктен аса өскен. Осы жылға межеленген жоспар 4000 вагон.  

Вице-министрдің айтуынша, елімізде жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздары, жүк, жолаушы және рефрижераторлық вагондар, тұтас илектелген дөңгелектер мен осьтер, роликті мойынтіректер, темір жолдарға арналған өнімдер өндірісі оң жолға қойылып, қазір тіпті экспортқа да шығарылуда.  

Жалпы отандық машина жасауды қолдау мақсатында 2016 жылы «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы заңнамалық деңгейде вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көзделген болатын. Жүк вагондарының жалпы паркіне келсек, ол 136 мың бірлікті құрайды. Осы ретте вагон иелері мен операторлары жүк вагондарының паркін өз бетінше жаңартатынын айтар едік. Жыл сайын шамамен 3000 бірлік жүк вагондары жаңаруда. Оның ішінде мемлекеттің қатысуымен сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы бойынша 2018-2023 жылдар аралығында 4135 жүк вагоны сатып алынса, биыл 1500 бірлік, ал 2026 жылға дейін 1585 бірлік жүк вагондарын жеткізу жоспарланып отыр. Осы сатып алу келісімшарттары «ЗИКСТО» АҚ, «КВК» ЖШС отандық зауыттарымен жасалған. Биыл «ЗИКСТО» АҚ-мен 2024-2025 жылдар кезеңінде 157 жолаушылар вагонын сатып алуға келісімшарт жасау жоспарлануда екен.  

Теміржол рельстерін өндіру саласында да оң нәтиже байқалып отыр. Айталық, 9 айда теміржол рельстері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға көп өндірілген. Осы ретте бірінші кезекте «ҚТЖ»-ның рельстерге деген қажеттілігін өтеу басымдыққа ие болып отыр. Одан кейін ғана артылған өнім көлемі Өзбекстанға, Грузияға, Әзірбайжанға, Италияға, Ұлыбританияға экспортталуда.  

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды