Жүк контейнерінен жалпы құны 2 млн теңгеден асатын металды ұрлағандар сотталды

Жаңалықтар
12.11.2025, 09:25
Оқуға 1 мин
Сурет: видеодан скрин

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Алматы облысында түсті металл ұрлығын анықтады. 2024 жылғы 23 қыркүйекте Іле ауданының Жетіген станциясында Майқұдық – Жетіген бағытымен келе жатқан жүк контейнерінен белгісіз адамдар жалпы құны 2 млн теңгеден асатын 23 мыс табақты ұрлап кеткен, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында Қонаев станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық топтың бес мүшесін ұстап, олардың барлығы Алматы және Жетісу облыстарының бұрын сотталған тұрғындары екені анықталды. Алматы қаласында арнайы операция кезінде үш күдікті бір мезгілде қолға түсті, кейіннен тергеуден жасырынған екі сыбайласы да ұсталды. Оларға бөгде мүлікті алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сот барлық айыпталушыларды кінәлі деп тауып, оларға бас бостандығынан айыру және шектеу жазаларын тағайындады. Көліктегі полиция департаменті теміржол инфрақұрылымындағы мүліктік қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жазаның орындалуы қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі болып отыр.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті