ҚТЖ мен ALSTOM Қазақстанда электровоздың жаңа түрін өндіру туралы келісті

Жаңалықтар
05.11.2024, 19:22

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "ALSTOM Transport SA" Қазақстанда жүк электровозының жаңа түрін өндіру туралы келісімге қол қойды. Қол қою Парижде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Құжат Астанадағы Электровоз құрастыру зауытында өндірісті және асинхронды тартқыш қозғалтқыштары бар жүк магистральдық электровоздардың жаңа түрін – KZ6A жеткізуді көздейді. Бұл модель жүк тасымалын дамыту қажеттіліктеріне жауап береді және 1980 жылғы үлгідегі ВЛ-80 ескірген локомотивтерін ауыстыруға келеді. Электровоздың жаңа түрі 40% арзанырақ, үнемді, энергия тұтынуды 20% төмендетуге мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар, тараптар келісімі бойынша Астана қаласында Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тасымалдау процесін басқарудың заманауи технологияларын дамыту және енгізу бойынша құзыреттер орталығын құру басталды.  

Сондай-ақ, ALSTOM 700 астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, электровоздарға техникалық қызмет көрсетудің төрт орталығын салуға €50 млн инвестициялайды.

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды