25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Аймақ ахуалын сарапқа салған сапар

Жаңалықтар
06.12.2024, 08:50
Суреттерді түсірген Олжас АХМЕТОВ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының кезекті сапары Алматыда жалғасып, бірқатар нысандарды аралап, аймақ ахуалын сарапқа салды. Алматы торабындағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, сала жұмысының дамуына үлес қосып жүрген теміржолшыларды марапаттады.

Алатау баурайына жұмыс сапарын Алматы-2 логистикалық кешенінің құрылысын аралаудан бастаған басшылық бүгінгі таңда инженерлікгеодезиялық және геологиялық іздестіру жұмыстары жүргізіліп, демонтаж жұмыстары басталған нысанмен танысты. Ауданы шамамен 10 гектар болатын терминал аумағында заманауи жабық (24 500 м2 ) және ашық (12 000 м2 ) қоймалардың, сонымен қатар контейнерлік алаңдардың (12 000м2 ) құрылысы қарастырылған. Жобалық қуаты 57 мың ЖФЭ болатын кешен құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк жөнелтушілері үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-дың іс жүзінде барлық өңірлерінен жүктерді жоғары деңгейде үйлестіруге мүмкіндік береді.  

Келесі кезекте компания басшылығы Оңтүстік-Шығыс аймағы бойынша Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығына барды. ПБӨО-2 Алматы, Шымкент, Жамбыл және Семей бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын біріктіреді, жолдың эксплуатациялық ұзындығы 4450 км. Кездесу барысында пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуде ПБӨО-2 диспетчерлеріне өте жоғары жауапкершілік жүктелетіні атап өтілді.  

Оңтүстік астанадағы көптің назарында тұрған бірегей жоба – айналма жол. Жетіген станциясында Алматы айналма теміржолының құрылысы бойынша көшпелі отырыс өтті. ҚТЖ басшылығы құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытында орындау бойынша міндеттерді атап өтті. Құрылыс сапасы мен мерзімін сақтауға қатаң бақылау жүргізу керектігі тапсырылды. Алматыны айналып өтетін теміржол желісі – Президенттің тапсырмасы бойынша ҚТЖ іске асырып жатқан, елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін аса маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жетіген-Қазыбек бек жаңа тармағы Алматы темір жол торабының жүктемесін 40%- ға азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 1-2 күнге қысқартады.  

Бүгінде бір мезгілде жер төсемі төселіп, көпірлер салынып, су өткізу құбырлары орнатылуда. Жоба бойынша барлығы 74 жасанды құрылыс қарастырылған. Жолшылар үшін плацдармды қамтамасыз ету үшін механизаторлар жер жұмыстарының 80%- ын орындаған. 60 шақырым рельс-шпалдық тор жиналып, төселуге дайын. Нысанда 600-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр және 230-дан астам түрлі техника тартылған. Ал күні кеше айналма жолдың алғашқы рельстері төселе бастағаны хабарланды. Басшылық тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытылы орындау жөніндегі міндеттер белгіленіп, құрылыстың мерзімі мен сапасын қатаң бақылау тапсырылды.  

Алматы бөлімшесінде өткен дәстүрлі жиында көпшілікті Қазақстан темір жолының 120 жылдығымен құттықтаған сала басшысы теміржолшы мамандығының маңызы мен мәртебесіне ерекше тоқталып өтіп, ерен еңбегімен көзге түскен жұмыскерлер мен ардагерлерді марапатқа бөледі.  

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде