Темір жолды кесіп өткен 43 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтар
11.12.2024, 11:26

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржол ұйымдарымен бірлесіп жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында халықпен, жолаушылар пойыздарында және оқу орындарында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. Барлық іс-шараларда теміржол көлігі объектілерінде болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесі жеткізіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 11 айында Департаментте пойыздың шұғыл тежелуінің 2115 фактісі тіркелді, оның ішінде темір жолда адамдардың болуы салдарынан – 320. Барлығы 43 212 азамат темір жол төсемін белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, өткен кезеңде жылжымалы құрам 83 азаматты қағып кетсе, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды.

Мәселен, өткен демалыс күндері екі адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Бұл фактілер Астана және Шу станцияларында тіркелді. Абырой болғанда, машинистер шұғыл тежеу қолданып теміржол құрамын тоқтатуға үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды.  Құқық бұзушылар белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік полицейлері азаматтарды теміржолды тек арнайы жерлерден, яғни жаяу жүргіншілер төсемі, жерасты және жер үсті өткелдері арқылы өтуге шақырады. Темір жолды құлаққап киіп алып өту, сондай-ақ, тоқтап тұрған пойыздың астынан немесе вагондардың үстіне көтеріліп өту өте қауіпті. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, теміржолда аса мұқият болу керек, өйткені бұл қауіптілігі жоғары аймақ.

 

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты