Үш тәулік ішінде 1125 шақырымнан астам жол қардан тазартылды. Теміржол инфрақұрылымынан 7200 текше метрден астам қар жиналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қар шығару техникасы 28 рейс жасады. Пневматикалық үрлеу жүйесінің көмегімен теміржолшылар бағыттамалық бұрмаларды, сондай-ақ техника бара алмайтын  басқа да қиын учаскелерді тазартты.

Темір жолдарынан қарды уақтылы тазарту қыста пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.