Көлік тораптарын дамытуға назар аударылады

Жаңалықтар
29.01.2025, 13:14
Фото: Ақорда
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

28 қаңтар күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына 2024 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.

Теміржол саласына қатысты Премьер-министр еліміздің көлік-логистика әлеуетін ашу жөніндегі міндеттерді іске асыру шеңберінде биыл «Достық-Мойынты» және Алматы қаласын айналып өтетін темір жолдардың құрылысын аяқтау жоспарланып, «Дарбаза-Мақтаарал» және «Бақты-Аягөз» жобаларын іске асыру жалғасып жатқанын айтты.

Сонымен қатар «Мойынты-Қызылжар» жаңа теміржол желісін салу жобасы биыл басталар болса, қазір «Алтынкөл-Жетіген» учаскесінің екінші жолының құрылысы бастау алған.    

Мемлекет басшысы көлік-логистикалық инфрақұрылымның маңыздылығына тоқталды.  

«Транзит – жүктерді тасымалдау үшін халықаралық бәсекелестікте біздің үлкен артықшылығымыз. Бұл артықшылықты толығымен және тиімді пайдалану керек. Транскаспий бағдарының негізгі буыны болатын Трансқазақстан теміржол дәлізін дамытуды жеделдету қажет. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бір бөлігі жүзеге асырылуда, бірақ болашақта одан әрі жұмыс істеу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Мемлекет басшысы «Мойынты-Қызылжар» жаңа теміржол желісін салуға кірісуді және Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі магистральдың жүктемесі айрықша учаскелерін жаңғыртуды тапсырды.  

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Алтынкөл-Жетіген» учаскесін кеңейтудің маңызы зор екенін атап өтті. Бұл Қытай мен Орталық Азия арасындағы көлік дәлізінің әлеуетін едәуір күшейтеді. Бұл ретте теміржол тасымалын цифрландыру жөніндегі жобаларды уақытылы аяқтау да маңызды болмақ.  

«Тасымалдауды көліктің барлық түрлерімен біріктіруге мүмкіндік беретін мультимодальды көлік тораптарын дамытуға назар аудару керек. Ағымдағы және келесі жылдар осы бағыттағы жұмыстар серпінді болуы тиіс», – деді өз сөзінде Қ.Тоқаев.  

Президент сонымен қатар  цифрлық технологияларды жан-жақты енгізу мәселесіне тоқталып, Үкіметке мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жасанды интеллект құралдарын енгізуге кірісуді тапсырды.  

Айта кетейік, «ҚТЖ» ҰК» АҚ сала дамуының негізгі факторларының бірі ретінде цифрлық технологияларды қолдануға ерекше маңыз беріп отыр. Теміржол саласында PSA компаниясымен бірлесіп, кедендік және транзиттік бизнес-процестер цифрланып, «Wabtec» және «Huawei» компанияларымен бірге жасанды интеллект технологиялары енгізілуде. Логистиканы оңтайландыруға ықпал ететін «Бір терезе» форматы жұмыс жасап тұр.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты