Үздік дефектоскоп маманы анықталды

Жаңалықтар
04.02.2025, 09:16
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Астанада өткен «Қазақстан Республикасының үздік дефектоскописі» байқауына қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен сапаны бақылау саласына қызмет көрсететін 300 маман тілек білдірді.

Алайда екінші турға олардың арасынан іріктеліп шыққан 64 маман ғана өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде теориялық, яғни стандарттар мен әдістемелерге қатысты білім тексерілсе, екінші кезеңде жабдықтарды пайдалана отырып, міндеттерді орындауға қатысты практикалық біліктілікке көңіл бөлінді.  

Екі күндік жарыста қатысушылар технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу шеберлігін паш етіп, қысқа уақыт ішінде күрделі тапсырмаларды сапалы орындауға тырысты. Мамандықтың маңыздылығы мен сапа стандарттарын арттыруға арналған байқау дефектоскопистер үшін ең алдымен тәжірибе алмасу алаңы болды.  

Теміржол саласынан байқауға қатысқан «Қамқор Вагон» ЖШС мамандары жоғары деңгейдегі шеберлік, терең білім, әртүрлі салалардағы қауіпсіздік пен сенімділікті дамытуға қосқан үлестерін көрсете білді. Олардың қатарында Алматы-1 станциясы ВДШ дефектоскопистері Жандос Дюсебаев, Айдар Аққасқанов, Ерхат Закиров, сонымен қатар Қазалы вагон жөндеу депосынан Қанат Қайратов, Павлодар ВЖД-дан Айсұлу Балташева және Шалқар ВЖД-дан Роман Кәрібаев сынды серіктестіктің бетке ұстар үздіктері компания намысын қорғады.  

Байқауға қатысушыларға 100 000 теңге көлемінде жыл соңына дейін жарамды білім жетілдіру сертификаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ал «Қамқор Вагон» ЖШС басшылығы мен кәсіподағы қатысушыларын біржолғы ақшалай сыйақымен бірге алғыс хатпен марапаттады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты