Теміржолшылар мен тыл қызметкерлері әскери техниканы тиеу және түсіру сынағын өткізді

Жаңалықтар
04.02.2025, 13:48

Тараз қаласының темір жол учаскесінде көп мақсатты бронды тартқыш пен әскери камазды пойыз платформасының басқышы арқылы тиеп-түсіру кезіндегі көтеру-түсіру механизмі сынақтан өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оған Қарулы күштер Тыл бастығы басқармасы Әскери қатынастар бас басқармасының және «Қазақстан темір жолы» АҚ мамандары қатысты.  

Жолдардың бұғатталуы, темір жолдарға қолжетімділіктің шектелуі, инфрақұрылымның бұзылуы, стационарлық крандар мен платформалардың болмауы ерекше кезең деп сипатталады.  

Техниканы тиеу мен түсірудің жаңа тәсілдерін үйрену логистикалық операцияларды оңтайландыруға, әскери бөлімшелердің ұтқырлығы мен жеделдігін арттыруға бағытталған. Көтеру-түсіру тетіктерін іс жүзінде сынап көру олардың жүк көтергіштігін, сенімділігі мен жұмыс жылдамдығын тексеруге, қалпына келтірілген пойыздардың әскери техниканың заманауи үлгілерімен үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік береді.  

– «Қазақстан темір жолы» АҚ қалпына келтірілген пойыз құрамынан арнайы платформаны сынақтан өткізу қорғаныс және көлік министрліктері бекіткен жол картасына сәйкес өтті. Сынақтар жедел логистика саласындағы біздің әлеуетімізді арттыруға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған, – деп түсіндірді ҚР Қарулы күштері Тыл бастығы басқармасы Әскери қатынастар бас басқармасы темір жол тасымалы басқармасының бастығы подполковник Қуаныш Қарабеков.  

Тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен техниканы тиеу мен түсірудің әртүрлі сценарийлерін пысықтау сәтті өтті. Сынақтар Қарулы күштердің міндеттеріне қатысты көтергіш құрылғыларды пайдалануда теміржол инфрақұрылымының мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік берді. Оның нәтижелері техникалық шешімдерді жетілдіру және көтеру-түсіру жүйелерін пайдалану стандарттарын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады