2024 жылы ҚТЖ бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары 2,2%, ал өндіріс және тұтыну қалдықтары 1,5% азайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Қалдықтарды бөлу жобасы аясында макулатура, пластмасса, пайдаланылған автомобиль шиналары мен аккумуляторларды қоса алғанда 102 мың кг астам материал қайта өңделді.  

Кәдеге жаратуға 34,8 мың кг астам аккумуляторлық батарея, 12,4 мың кг астам офис техникасы және 12 мың кг жуық автомобиль шинасы жөнелтілді.

Сонымен қатар, вокзалдарда және ҚТЖ әкімшілік ғимаратында орнатылған фандоматтар көмегімен 100 мыңнан астам пластикалық бөтелке мен қаңылтыр банка қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін берілді.