ҚТЖ-ның әкімшілік ғимаратында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті (Фото)

Жаңалықтар
07.02.2025, 21:03
Суретті түсірген Александр Жабчук

ҚТЖ әкімшілік ғимаратында барлық қатысушылардың ықтимал қауіпсіздік қатерлеріне жедел ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында үш жылда бір рет өткізілетін ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Барлық тапсырмалар сәтті орындалды. Оқу-жаттығу барысында ғимараттың 3600 қызметкері жедел түрде эвакуацияланды. Шартты өртті сөндіруге 14 бірлік мамандандырылған техника, оның ішінде 10 негізгі және 4 қосалқы техника, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ҚР ТЖМ) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы қатысты.

Оқу-жаттығу барысында ғимараттың сыртында орнатылған көтергіштердің көмегімен адамдарды жоғарғы қабаттардан эвакуациялау әдістері пысықталды. Сонымен қатар, ғимараттың барлық қауіпсіздік жүйелері тексерілді. Атап айтқанда, хабарлау, анықтау және дабыл беру, автоматты өрт сөндіру, түтін шығару және эвакуациялау жүйелері өз жұмыстарын сәтті көрсетті.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Марат Күлдіков оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жоғары баға берді. Жоғарғы қабаттардан эвакуациялауға арналған көтергіш құрылғылар Астана қаласының биік ғимараттарында қолдану үшін ұсынылатыны атап өтілді.

Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады