Қызылордада вагон құрастыру зауыты жобасы жүзеге асырылуда

Жаңалықтар
18.02.2025, 11:31

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Сыр еліне жұмыс сапары аясында шағын өнеркәсіп аймақтарына барып, жаңа жобалар мен өндіріс алаңдарын көрді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдымен «Жолаушылар вагондарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон құрастыру зауытының» жобасымен таныстырды.

Инвестициялық жобаның құрылтайшысы «Марал-Нұр» ЖШС директоры Мұрат Нұрсаитовтың айтуынша, 15,4 млрд теңге инвестиция салынатын жоба 2 кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезеңде жылына 560 жолаушылар вагонын ағымдағы жөндеу, 180 вагон депо жөндеу кешені жоспарланған. Құрылыс 100% аяқталды, қазір ішкі әрлеу жұмыстары қарқын алды. Ресейден 60 жабдық жеткізіліп, монтаждалуда. Серіктестік бұған шамамен 3,2 млрд теңге жеке инвестиция салды. Одан бөлек, жобаны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2,2 млрд теңгеге қаржыландырды. Пайдалануға беру 2025 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған.

Екінші кезеңде жаңа технологияларды пайдаланып вагон құрастыратын өндіріс құрылмақ. Ол – жылына 30-40 вагон шығаратын «Қызылорда вагон құрастыру зауыты». Дайындық жұмыстары осы жылдың екінші жартыжылдығында басталады. Ресейден және ҚХР-дан жабдықтар сатып алуға қажетті 8 млрд теңге «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қарастырылуда.

Әрі қарай Премьер-министрдің бірінші орынбасары шағын өнеркәсіп аймақтарындағы жаңа жобалар мен өндіріс алаңдарын аралады. Қызылорда қаласының сол жағалауынан шағын өнеркәсіп паркін салу туралы 2 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. «Тұмар» және «Техоснастка-Ремсервис» шағын өнеркәсіп аймақтары жобасының техникалық серіктесі – «Өнеркәсіпті дамыту қоры», «Байқоңыр» ӘКК АҚ. Бұл аумақтан ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін шығару жоспарлануда. Сүт өнімдерін, жартылай фабрикаттарды, нан-тоқаш өнімдерін өндіретін аймақта 10-80 жұмысшы еңбек етеді. Қазіргі уақытта іргетасы құйылып, бағаналары орнатылған.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аясында соңғы екі жылда 601 жоба жүзеге асырылып, 917 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл 815 жоба шеңберінде 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсібін бастаушыларды ғимаратпен, кепілдікпен қамтамасыз ету тәжірибесі енгізілді.

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды