Әлемнің мәні – әйелде

Жаңалықтар
12.03.2025, 08:46
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев ұлттық компанияда тер төгіп жүрген нәзік жан иелерін өткен жылы енгізілген жаңа салалық наградалармен марапаттады.

Өткен жылы жаңа наградалардың 23 түрі енгізілді. Ал бүгін осы марапаттардың алғашқы иегерлері болып отырған 29 әйел – теміржолдың түрлі саласында табысты еңбек етіп, жетістікке жетіп жүрген жандар.  

«Темір жолда жұмыс істеу оңай шаруа емес, алайда компанияның әйел қызметкерлері ауа-райы мен тәуліктің кез келген уақытына қарамастан ер адамдармен иық тіресе еңбек етіп, тасымалдың тоқтаусыз процесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі уақытта теміржол көлігінің әртүрлі салаларында – локомотив, жол, вагон шаруашылықтарында, қозғалысы қызметінде, жолаушылар кешенінің кәсіпорындарында 26 мыңнан астам әйел жұмыс істейді, 2,5 мыңға жуық әйел басшылық қызметтерді атқарады. Сіздердің тапқырлық, абстрактілі ойлау қабілеттеріңіз шешім қабылдау сапасын арттыруға, проблемалық жағдайлар мен сын-қатерлерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Қиындығымен қатар өте маңызды жұмыста сіздерге денсаулық, бақыт, көктемдей көтеріңкі көңіл-күй, құт-береке, отбасы амандығын тілеймін», – деп құттықтау лебізін білдірді Нұрлан Сауранбаев.  

Марапаттау рәсімінен кейін награда иелері Компания басшысымен суретке түсіп, компания қызметкерлерінің өз күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалады. Фойеде нәзік жанды ханымдарға арналып, арнайы безендірілген фотоалаңда теміржолшы әйелдер естелік суреттерге түсті.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға