«Jibek Joly» туристік пойызы KITF көрмесінде «Үздік туристік өнім» деп танылды

Жаңалықтар
23.04.2025, 16:45

Алматы қаласында өтіп жатқан 23-ші Қазақстандық халықаралық туристік көрме – Kazakhstan International Tourism Fair (KITF) Орталық Азиядағы туризм және оған іргелес салалар бойынша ең ірі кәсіби алаң саналады. Көрме аясында Ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Үздік туристік өнім» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Бұл құрмет ТМД аумағында алғаш рет жүзеге асырылған халықаралық туристік бағыт — «Jibek Joly» пойызының табысты іске асырылуының нәтижесі ретінде берілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл жоба Мемлекет басшысының туристік әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып, теміржол туризмін дамытуға бағытталған стратегиялық бастамалар қатарына жатады.

«Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы іске қосылған күннен бастап жолаушылардың ерекше қызығушылығына ие болды. Қазіргі уақытқа дейін «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағыты бойынша төрт рейс сәтті орындалып, шамамен 1000 турист осы мәдени-танымдық бағытпен саяхаттады.

Пойыз құрамына отандық өндірістен шыққан 5 вагон кіреді, оның төртеуі купелік, біреуі мейрамхана-вагон. Қызмет көрсету деңгейінің жоғарылығы мен жайлылығы бұл жобаны Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және теміржол қатынасы саласындағы табысты әрі стратегиялық маңызды ынтымақтастықтың көрнекі үлгісіне айналдырады.

Ұлттық тасымалдаушы «Jibek Joly» пойызының келесі сапарын 30 сәуірде іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жоба аясында жаңа халықаралық туристік бағыттарды кеңейту көзделуде.

Көрме барысында сондай-ақ ұлттық тасымалдаушының сенімді серіктестері мен туроператорлары туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, үздік адалдық бағдарламасы, инновациялық туристік өнім, мәдени-танымдық турлар мен жоғары клиентке бағдарланған қызмет көрсету салаларында үздіктер анықталды.

 

 

 

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?