«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы сапарға шықты

Жаңалықтар
20.05.2025, 11:28
Оқуға 2 мин

Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жылдың ішінде «дөңгелектегі емхана» 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 123 шалғай ауыл мен стансада тоқтап, медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бұл әлеуметтік жобаның маңызын және жалпы көлік медицинасын ауыл тұрғындарының саулығын жақсартудағы рөлін атап өтті. 90 мыңнан астам қазақстандық медициналық пойыздың қызметін пайдалана алады.

Жылжымалы медициналық бригаданың құрамында 36 білікті дәрігер, сондай-ақ медиаторлар мен заңгерлер бар.

Олар — терапевтер, хирургтер, педиатрлар, невропатологтар, рентгенологтар, кардиологтар, стоматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, онколог-маммологтар, гинекологтар және урологтар.

Дәрігерлер алғашқы тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасайды.

Бұған қоса, диагностика жүргізу үшін медициналық пойыз қажетті зертханалық және құрал-жабдықтармен жабдықталған: ЭКГ, УДЗ, флюорограф, гастрофиброскоп.

Жоба іске асқалы бері 15 жылдың ішінде 800 мыңнан астам адам, олардың әрбір бесіншісі — бала, дәрігерлерден көмек алды. Хирургтер шамамен 37 мың операция жасады. Өткен жылы пойыздың дәрігерлері 104 250 пациентті қабылдаған.

Бұл әлеуметтік жобаның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі техникалық жарақтау, медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз етеді.

Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының әріптестігімен жүзеге асырылуда.

 

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр