ҚТЖ 36 өндірістік нысанды жөндеуден өткізеді

Жаңалықтар
20.05.2025, 12:24
Оқуға 2 мин

2025 жылы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өз қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 36 өндірістік нысанды ағымдағы жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Жөндеу Жаңаесіл, Бурабай және Құсмұрын станцияларындағы маневрлік мұнаралардың, Жаңаесіл станциясының маневрлік дөңесінің, Жаңаауыл станциясындағы сигнал берушілер мен құрастырушылар бекеттерінің, Мойынты станциясындағы техкеңсенің, Жарма станциясындағы қызметтік-техникалық ғимараттың, сондай-ақ Арал теңізі және Махамбет станцияларындағы тауарлық кеңселердің, Ганюшкино мен Жаңаауыл станцияларындағы әкімшілік ғимараттардың  және басқа да нысандарда жүргізілетін болады.

Алты нысанда жылыту және су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеу жоспарланған. Атап айтқанда, жұмыстар Железорудная станциясының тауар кеңсесі ғимаратында, Майлин станциясының әкімшілік-тұрмыстық ғимаратында, Ақжайық станциясының әкімшілік ғимаратында жүргізілетін болады, сондай-ақ Мақат станциясының бекеті ғимаратының су құбыры желісін жөндеу жоспарланған.  

2024 жылы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалдарында 49 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Барлық жұмыстар уақытылы және сапалы орындалды. Ғимараттардың қасбеттері жаңартылды, шатыр жабындары ауыстырылды, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерін қоса алғанда, ішкі үй-жайлар жөнделді. Энергия тиімділігіне ерекше назар аударылды: заманауи жылу оқшаулағыш материалдар мен энергия үнемдейтін терезелер орнатылды, бұл ғимараттарды пайдалану шығындарын азайтады. Бұл шаралар нысандардың сыртқы түрін жақсартып қана қоймай, қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасады, сонымен қатар теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырды.  

 

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр