Ақмола және Павлодар облыстарындағы шағын вокзалдар жаңғыртылады

Жаңалықтар
26.05.2025, 09:30
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Еліміздегі шағын вокзалдардың өткізу қабілеті сағатына 20-дан 200 адамға дейін жетеді. Биыл еліміздің түкпір-түкпіріндегі теміржол вокзалдарында жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жұмыс аясында мамандар тек ең үлкен деп танылған теміржол вокзалдарын ғана емес, сонымен қатар шағын вокзалдарды да жаңғыртуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеше көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола және Павлодар облыстарына жұмыс сапарымен барды. Ведомство басшысы қос облыстағы бірқатар көлік инфрақұрылымы нысандарының, соның ішінде теміржол вокзалдарының жұмысымен танысты. Ақмола облысында 16 жолаушылар теміржол вокзалы, Павлодар облысында 5 вокзал жаңғыртылады.

Министр Ақмола облысындағы Ерейментау теміржол вокзалы мен Павлодар облысындағы Шідерті, Ақсу, Қалқаман және Қарасора вокзалдарына барып, басталып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында 125 вокзал қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Шағын вокзалдар назардан тыс қалған жоқ. Олар жолаушыларға да, вокзал жұмысшыларына да жайлы бола түспек. Мұнда мердігерлер жартылый демонтаж жұмыстарын жүргізіп, нысандардың сырты мен ішін қалпына келтіріп, әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Инженерлік желілер (су құбыры және кәріз, электр жабдықтары, жылу, желдету, байланыс желілері) толығымен жаңартылады. Теміржол вокзалы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту үшін демалыс бөлмелері қарастырылды», - деді Марат Қарабаев.

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес