Астана форумында Транскаспий дәлізін дамыту барысы сөз болды

Жаңалықтар
28.05.2025, 15:19
Оқуға 2 мин
Фото: primeminister.kz/

Астанада Қазақстан-Франция инвестициялық форумы өтіп жатыр, оған екі елдің бизнес-қоғамдастығының 300-ден астам өкілі қатысуда, деп хабарлайды Rail-news.kz Үкіметті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналым 31%-ға артып, $5,5 млрд рекордтық көрсеткішке жетті, оның ішінде экспорт көлемі $3,6 млрд-ты құрады. Қазақстандағы француз инвестициясы $20 млрд-қа жақындады, елімізде француз капиталының қатысуымен 200-ден астам компания белсенді жұмыс істеп келеді.

Бүгінде Қазақстан Франция үшін жетекші серіктес саналады, Орталық Азия елдерімен барлық сауданың 80%-ға жуығы оның үлесіне тиесілі.  

Форумды ашқан Премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді қарым-қатынастар нәтижесінде екіжақты байланыс стратегиялық әріптестіктің кеңейтілген деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

«Франциямен ынтымақтастық – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі және Еуропалық Одақ шеңберіндегі серіктестігіміздің ажырамас бөлігі. Біздің елдеріміз берік саяси байланыстармен, белсенді үкіметаралық және парламенттік диалогпен, сондай-ақ қарқынды сауда және инвестициялық өзара іс-қимылмен ерекшеленетін берік және көпқырлы серіктестікке ие», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 1 ГВт болатын Тotal Energies компаниясымен жел электр стансасын салу, Alstom компаниясы ұсынған өндірісті оқшаулау және теміржол секторына жаңа инвестиция, Air Liquide компаниясының Павлодар МХЗ-дағы сутегі энергетикасы бойынша жобасы, Danone, Lactalis және Lidea және т. б. қатысуымен тамақ және сүт өнеркәсібін дамыту сияқты негізгі бірлескен жобаларға тоқталды.

Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға және ЖИ, фармацевтика, туризм және су ресурстарын басқару сияқты секторлардағы ынтымақтастыққа мүдделі.

Сондай-ақ Астана мен Алматыда француз мектептерінің ашылуы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Lumière орталығының және Лотарингия университеті филиалының жұмысын қоса алғанда, білім беру және ғылыми кооперациядағы ілгерілеушілік атап өтілді.  

Олжас Бектенов Қазақстан шетелдік әріптестер үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасауға толық ниетті екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан ұсынып отырған инвесторлар үшін мүмкіндіктерге, құқықтық кепілдіктер, салықтық жеңілдіктер, арнайы экономикалық аймақтарға және АХҚО-ға  назар аударылуда.  

Форум Қазақстан мен Франция президенттері арасындағы уағдаластықтарының іс жүзіндегі жалғасы болуға және іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға және екі елдің бизнесі арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.  

Іс-шара қорытындысы бойынша энергетика, көлік, денсаулық сақтау және су ресурстары салаларындағы келісімдерді қоса алғанда, бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

 

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр