Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Атыраудағы вагон шығару зауытына барды

Жаңалықтар
25.06.2025, 16:47
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Тайжанов Жәнібек Жұмаұлы жұмыс сапары аясында Texol Group компаниясына қарасты Атырауда орналасқан вагон шығаратын зауытына барып, өндіріс барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Texol зауыты — Қазақстандағы ірі жеке вагон құрастыру жобаларының бірі. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 2027 жылға қарай жылына 8 000 жүк вагонын құрайды. Қазіргі уақытта зауытта жартылай вагондар, платформалар және цистерналар заманауи технологиялар мен сапа стандарттарына сәйкес құрастырылуда.

Сапар барысында Жәнібек Жұмаұлы дәнекерлеу, сырлау, құрастыру және соңғы бақылау кезеңдерін қамтитын негізгі өндірістік циклдармен танысты. Сонымен қатар, өндірістік қуаттылықты кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа құйма компоненттерін шығаратын цех құру жоспарлары таныстырылды.

«Атырауда мұндай ауқымды өндірістік жобаның іске қосылуы — көлік саласы үшін стратегиялық маңызға ие. Texol компаниясы отандық вагон құрастыру саласын дамытуда жүйелі тәсілді көрсетіп отыр», — деді Жәнібек Тайжанов.

Комитет төрағасы жобаның қарқынын жоғары бағалап, аймақтардағы өндірістік инфрақұрылымды дамыту маңызды екенін атап өтті.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес