Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Жаңалықтар
09.07.2025, 11:09
Оқуға 2 мин

«КҚО» АҚ-да кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді жұмыс іске асырылуда. Пайдаланудың маңыздылығы мен қарқындылығы дәрежесi бойынша жiктелген Кiрме жолдардың бiрыңғай базасы қалыптастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Онда белсенді, стратегиялық, бөлшектелген және ішінара бөлшектелген 625 кірме жол ескерілген. Теңгерімге 65 жасанды құрылыс нысаны (көпірлер, құбырлар және т.б.) қабылданды және зерттелді. Қосымша көлік жүктемесі жоғары аймақтарда күзетілетін екі теміржол өткелі  ашылды.

Барлық кірме жолдар мен бағыттамалық бұрмалар көктемгі тексеруден өткізілді. 2024 жылғы күзгі тексерумен салыстырғанда анықталған өрескел бұзушылықтар саны 13% -ға төмендеді. Тексеру қорытындысы бойынша «тар» жерлерді жою және сенімділікті арттыру жоспарлары жасалды.

Өндірістік учаскелердің бастықтары, инженерлер мен жол шеберлері арасында қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттерді білуі тексерілді. Қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Құрылымдардың барлық басшылары мен жол шеберлері жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды ай сайынғы комиссиялық тексеруге қатысады.

2025 жылы шпалдар мен рельстерді ауыстыру арқылы 31,2 км кірме жолды жөндеу жоспарланған, оның 7,1 км жөндеуден өтті.,  Бұдан басқа, рельстер мен бағыттамалық бұрмаларды дефектоскоптау жоспарланып отыр (32,9 км). Сондай-ақ, мамандандырылған ұйыммен 10-ға жуық жасанды нысанды тексеру, теміржол өтпелеріне 466 жол белгілерін сатып алу көзделген.

Ауқымды паспорттау жүргізілуде: 2025 жылдың соңына дейін кірме жолдарға 188 техникалық паспорт ресімделеді және 470 жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік-техникалық тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ, жолдың жоғарғы құрылысының негізгі материалдарын, соның ішінде ағаш шпалдар, ауыстыру бөренелері, бұрандамалар, төсемдер, айқастырмалар, жөндеу жиынтықтары және т.б. сатып алу жоспарланған.

«КДО» АҚ менеджменттің интеграцияланған жүйесіне басым назар аударады. 2024 жылы компания TÜV Rheinland Kazakhstan сертификаттау аудитінен сәтті өтті және ISO 9001:2015 және ISO 45001:2018 стандарттарына сәйкестік халықаралық сертификаттарын алды. 2025 жылғы маусымда стандарттарға сәйкестігі инспекциялық аудит барысында расталды.

«КДО» АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және операциялық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша барлық талаптарды мүлтіксіз орындауға бағытталған.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды